AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ендігі жүз жылдықта Жер бетінен 500-ден астам құс...

Ендігі жүз жылдықта Жер бетінен 500-ден астам құс түрі жойылады

Әлеумет 25.06.2025, 12:02 1,107 yakiya
Ендігі жүз жылдықта Жер бетінен 500-ден астам құс түрі жойылады
Сурет: 24.kz, видеодан скрин

Халықаралық ғалымдар тобы келесі жүзжылдық ішінде Жер бетінен 500-ден астам құс түрі жойылып кетуі мүмкін екенін анықтады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мамандар бұл экологиялық апаттың алдын алу үшін құс түрлерін сақтау бойынша шұғыл шаралар қабылдауға шақырады.

Бұл зерттеу Nature Ecology & Evolution (NEE) ғылыми журналында жарияланды. Онда тек бірнеше құс түрінің жойылуының өзі Жердің көптеген аймақтарында экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуына әкелуі мүмкін екені айтылған.

Ғалымдардың болжамынша, 2125 жылға қарай планета соңғы бес ғасырдағыдан да көп құс түрінен айырылуы ықтимал.

Құстардың жойылуына алып келіп отырған негізгі фактор – ауыл шаруашылығы жерлерінің қарқынды кеңеюі мен пайдаланылуы. Бұдан бөлек, климаттың өзгеруі, ормандардың жаппай кесілуі, сондай-ақ табиғи мекендеу ортасының тозуы да үлкен қауіп төндіріп отыр.

Ең алаңдатарлық жайт – егер адам әрекетімен келтірілетін залалды дереу тоқтатқан күннің өзінде, шамамен 250 құс түрі бәрібір жойылып кетуге бейім, себебі олардың сандық популяциясы сын көтермейтін деңгейге дейін азайған.

Ғалымдар жойылып бара жатқан құстарды сақтау үшін оларды арнайы бағдарламалар аясында торда көбейтіп, кейіннен қалпына келтірілген табиғи мекендерге қайта қоныстандыруды (реинтродукция) ұсынады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құс #климат #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);