ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Енді ұлтты еркін таңдау құқығы берілмейді

Енді ұлтты еркін таңдау құқығы берілмейді

Әлеумет 27.06.2025, 12:15 715
Енді ұлтты еркін таңдау құқығы берілмейді
Cурет: pixabay.com
Қазақстанда баланың ұлтын айқындаудың жаңа тәртібі енгізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазақстанда баланың ұлтын айқындаудың жаңа тәртібі енгізіледі, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Конституциялық сот баланың ұлтын айқындаудың жаңа тәртібін енгізгелі жатқанымен, әркім өз ұлтын таңдайтындай мүмкіндік берілмейтінін атап өтеді.

Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованың айтуынша, Парламент депутаттары бастамашы болған бірнеше заң жобасына Конституциялық соттың құқықтық ұстанымдары мен қорытындыларына байланысты заңнамалық ұсыныстар топтамасы енгізілген.

Заңнамалық күн тәртібінде мынадай мәселелерді қарауды ұсынамыз: қылмыстық-процестік кодекске, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске және онымен байланысты өзге де заң актілеріне құқықтық ұстанымдарды ескере отырып өзгерістер енгізу ұсынысы бар. Өзгерістер алқабилерді сот процесін кезінде ауыстыру тәртібіне, баланың ұлтын анықтау және атап көрсетуге, баланы асырап алу институтын жетілдіруге, алимент төлеу міндеттемелерін орындауға қатысты, – деді Әзімова Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Баланың ұлтын анықтау мәселесінде кез келген ұлтты еркін таңдау құқығы берілмейді. Алайда ұлты тек ата-анасының ұлтына қарап қана емес, басқа жағдайлар бойынша да көрсетілуі мүмкін болады. Мәселен, бала жетім болса немесе ата-анасының құжаттары жоғалған жағдайлар ескеріледі. Қолданыстағы заңда мұндай жайттар ескерілмеген.

Бұған дейін Қазақстанда баланың ұлтын ата-анасына қарамай айқындауға рұқсат етілгелі жатқаны хабарланған еді. Конституциялық сот кәмелетке толмаған баланың ата-анасы туралы ешқандай мәлімет болмаса, оның ұлтын айқындауға рұқсат беретінін соттың баспасөз қызметі хабарлаған.

Жуырда Конституциялық сотқа қамқорлығындағы баланың ұлтын ресми түрде көрсеткісі келген азамат жүгінген. Баланың ата-анасы туралы ешқандай мәлімет болмағандықтан, АХАТ баланың құжаттарына ұлтын жазудан бас тартқан. Соттар да Неке және отбасы туралы кодекстің 65-бабына сілтеме жасай отырып, егер ата-анасының ұлты айқындалмаса, баланың ұлтын анықтау мүмкін емес деген шешім шығарған. Конституциялық сот норма мұндай жағдайларды қарастырмайтынын және өзін-өзі сәйкестендіру құқығын бұзатынын мойындаған еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,436 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.