ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Енді қазақстандықтарға жұмыс табуға жасанды интелл...

Енді қазақстандықтарға жұмыс табуға жасанды интеллект көмектеседі

Әлеумет 29.07.2025, 12:02 532
Енді қазақстандықтарға жұмыс табуға жасанды интеллект көмектеседі
сурет: ЖИ
Енді елімізде азаматтарға бос жұмыс орындары туралы дербестендірілген ұсыныстар беретін жасанды интеллект-агент (ЖИ-агент) пайда болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму министрлігі Еңбек...

Енді елімізде азаматтарға бос жұмыс орындары туралы дербестендірілген ұсыныстар беретін жасанды интеллект-агент (ЖИ-агент) пайда болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ұсыныс тастады, деп хабарлайды Аqshamnews.kz.

Вице-министр Асқар Биахметовтің айтуынша, жаңа технологияны енгізу арқылы әрбір азаматтың жеке профилі мен еңбек нарығындағы трендтерге сүйене отырып, оларға сәйкес келетін жұмыс орындары немесе оқыту курстары автоматты түрде ұсынылатын болады.

“Қазіргі уақытта біз ең заманауи технологияларды - ЖИ-агентті қолдану мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Біздің цифрлық өнімдеріміз еңбек нарығындағы қажеттілікті анықтап, азаматтарға нақты ұсыныстар жасай алады”, - деді Асқар Биахметов.

7 800-ден астам сұранысқа ие мамандық

Еңбек министрлігінің мәліметінше, елімізде еңбек нарығында 7 800-ден астам мамандық сұранысқа ие. Осы қажеттілікті білім беру жүйесімен ұштастыру мақсатында кәсіби стандарттарға сай оқу бағдарламалары жаңартылып жатыр. Қазірдің өзінде 11 мыңнан астам оқу бағдарламасы жаңартылып үлгерді.

Цифрлық банк және ИИ негізіндегі стандарттар

Мемлекеттік органдар "Цифрлық дағдылар банкін" енгізуді бастап кетті. Бұл бастама келешекте жасанды интеллектті кәсіби стандарттарды әзірлеу үдерісіне енгізуге жол ашады. Биахметовтің айтуынша, бұл өзгерістер еңбек нарығындағы ахуалды жедел талдауға, стандарттарды уақтылы жаңартуға және рутиналық процестерді қысқартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бүгін, 29 шілдеде Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, елдегі жалпы жұмыспен қамтылған халық саны – 9,2 миллион адам.

Сонымен қатар, ведомство өкілі қазіргі еңбек нарығының құрылымы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу деңгейі бірқатар қауіптерге алып келетінін атап өтті. Атап айтқанда, жұмыс істейтін азаматтардың 30 пайызы болашақта ең төменгі зейнетақы мөлшеріне ғана үміт арта алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,277 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.