AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Енді қазақстандықтар депрессия кезінде еңбекке жар...

Енді қазақстандықтар депрессия кезінде еңбекке жарамсыздық парағын ала алады

Мұны білген жөн 06.11.2025, 11:47 601 Дина
Енді қазақстандықтар депрессия кезінде еңбекке жарамсыздық парағын ала алады
depositphotos.com

Қазақстандықтар арасында "депрессия кезінде еңбекке жарамсыздық парағын рәсімдеуге бола ма?" деген сұрақ талқыланып жатыр. Бұл мәселеге қатысты Денсаулық сақтау министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Денсаумин жауабы

Министрлік өкілдері ең алдымен «депрессия» диагнозын психиатр ғана қоятынын еске салды. Ал бастапқы белгілерді жалпы практика дәрігері немесе психолог анықтауы мүмкін.

Ведомствоның мәліметінше, егер дәрігер пациенттің жағдайы уақытша жұмысқа қабілеттілігін шектейді деп есептесе, жеңіл дәрежедегі депрессия кезінде еңбекке жарамсыздық парағы ашылуы мүмкін.

Ал орта және ауыр дәрежелі депрессия кезінде науқас стационарлық ем алуы тиіс, бұл – министрлік стандарттарында көрсетілген талап.

Депрессияны қалай анықтайды?

Бұдан бұрын психиатр Наби Есимов депрессия диагнозын қою үшін үш негізгі критерий бар екенін түсіндірген:

  • көңіл-күйдің екі аптадан кем емес уақыт бойы тұрақты төмен болуы;

  • ойлау белсенділігінің төмендеуі – зейіннің нашарлауы, қарапайым есептеулерді қиын орындау;

  • қозғалыс белсенділігінің төмендеуі – жұмысқа баруға қиналу, төсектен тұруға құлықсыздық.

Министрлік дерегі бойынша, депрессия – дәрігер бақылауын қажет ететін медициналық жағдай, ал еңбекке жарамсыздық парағы нақты клиникалық жағдайға байланысты беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);