ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Енді бала асырап алатындарға талап күшейеді

Енді бала асырап алатындарға талап күшейеді

Заң мен тəртіп 06.01.2025, 02:45 789
Енді бала асырап алатындарға талап күшейеді
Сурет: Almatydc.kz
Бұдан бұрын асырап алған балаларды балалар үйіне қайтарудың жиілегені айтылған.

Бұдан бұрын асырап алған балаларды балалар үйіне қайтарудың жиілегені айтылған.

Қазақстан бала асырап алатындарға талапты күшейтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Тиісті түзетулерді сенаторлар  баланың құқықтарын қорғау туралы заң жобасы аясында мақұлдады.

Сенатор Нүрия Ниязова Конституциялық сот үйленбеген ер адамдарға бала асырап алуға тыйым салатын норманы заңсыз деп танығанын еске салды.

«2024 жылы 23 шілдеде Конституциялық сот некеде тұрмаған ер адамдарға бала асырап алу құқығын шектейтін неке, ерлі-зайыптылық және отбасы туралы кодекстің 91-бабы Конституцияға сәйкес келмейді деп шешті. Алайда жыл сайын балаларға қарсы қылмыстар, соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық көбейіп келеді», - деп атап өтті Ниязова.

2024 жылы Қазақстанда кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғудың 890 жағдайы тіркелген. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8% артық. Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметтері бойынша, мұндай қылмыстардың 99% ер адамдар жасаған.

Ниязова заң жобасында ерлі-зайыптылар үшін бала асырап алудың басым құқығы қарастырылуы керек деп санайды.

Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан әзірленген заң шынымен де ерлі-зайыптыларға артықшылық беретінін айтты. Бұдан басқа, бірқатар қатаңдату шараларын енгізу жоспарланып отыр:

Бала асырап алушы мен бала арасындағы жас айырмашылығын анықтау.

Соттылығының болуы туралы мәліметтерді жыл сайын жаңарту.

Психологиялық диагностикадан міндетті түрде өту.

Аккредиттелген ұйымдар арқылы оқыту. 

«Аталған түзетулер қазір мемлекеттік органдармен келісу сатысында тұр. Процес аяқталғаннан кейін олар Парламентке енгізіледі», -деді вице-министр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,179 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.