AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Енді 106 миллион теңге берешегі бар бизнес өкілдер...

Енді 106 миллион теңге берешегі бар бизнес өкілдері шетелге шыға алмайды

Заң мен тəртіп 23.09.2025, 16:55 475 yakiya
Енді 106 миллион теңге берешегі бар бизнес өкілдері шетелге шыға алмайды
сурет: ЖИ

Мемлекеттік кірістер комитеті Аудит департаменті берешекпен жұмыс басқармасының басшысы Арын Қайсардың сөзінше, жаңа Салық кодексінде қарызы бар кәсіпкерлерді бұлтартпау шарасы қолданылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Демек, алдағы уақытта 106 миллион теңге берешегі бар бизнес өкілдері шетелге саяхаттай алмайды. Бірақ, бір мүмкіндік те жоқ емес. 

– Қолданыстағы заңнама бойынша заңды тұлғалар бір-біріне 45 айлық есептік көрсеткіштен (194 625 теңгеден) жоғары мөлшерде қарыз болған жағдайда жеке кәсіпкерлер мен компанияның бірінші басшыларына Қазақстаннан шығуға шектеу қойылады. Осы нормаға да жаңа Салық кодексінде өзгеріс енгізіп отырмыз. Депутаттардан да сондай ұсыныстар түсті. Соның бәрін қарастыра келіп, қарыз сомасын 27 АЕК-ке дейін көтердік. 106 млн теңгеден жоғары қарызы бар жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың бірінші тұлғалары ғана Қазақстаннан шығуға тыйым салынады, – деді ол. 

Дей тұрғанымен, бұл шектеулер соттың санкциясы арқылы іске аспақ. 

– Бұл шектеуді уақытша тоқтата тұру мүмкіндіктері де қарастырылған. Қарызы бар тұлға шетелде шұғыл емделуі керек болған жағдайда шектеу қойылмайды. Бірақ "емделуге жіберу керек" деген шешімді сот ғана қабылдай алады, – деп толықтыра кетті ол. 

Ел Президенті соңғы Жолдауында салық берешегі барлардың банктегі есеп-шотын толық бұғаттамауды тапсырған еді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкер #саяхат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);