ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі...

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі ХЕҰ өкілі М. Пушкинмен кездесті

Әлеумет 30.01.2026, 15:41 150
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі ХЕҰ өкілі М. Пушкинмен кездесті
Сурет: Gov.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі Халықаралық еңбек ұйымының Лайықты еңбек мәселелері бойынша техникалық қолдау тобы...

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі Халықаралық еңбек ұйымының Лайықты еңбек мәселелері бойынша техникалық қолдау тобы мен Өңірлік бюросының директоры Михаил Пушкинмен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Кездесу барысында тараптар қазақстандықтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған ведомствоның қызметі туралы пікір алмасты.

Өз сөзінде Виктория Шегай Қазақстанда лайықты еңбекті ілгерілету жөніндегі Жол картасының іске асырылу барысы, ХЕҰ конвенцияларын ратификациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етіп, сондай-ақ қызметкерлер мен жұмыс берушілер мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге негізделген еңбек қатынастарын реттеудің ұлттық моделі және оның дамуы жайында баяндады.

«Қазақстанда әлеуметтік әріптестік институты белсенді жұмыс істейді. Ол ұзақ жылдар бойы келіссөздер жүргізудің тиімді тетігі ретінде өзін дәлелдеп, әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелерді шешуде елеулі әлеуетке ие. Бұл институт әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша тараптардың мүдделерін келісуді қамтамасыз етеді және тең құқықты ынтымақтастық қағидаттарына негізделеді», – деді Шегай.

Вице-министр елімізде республикалық, өңірлік және салалық деңгейлерде әлеуметтік әріптестік органдары – мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдерінен паритеттік өкілдік, өкілеттілік, тең құқықтылық және тараптардың өзара жауапкершілігі қағидаттары негізінде қалыптастырылатын үшжақты комиссиялар жұмыс істейтінін атап өтті.

Сөз соңында Виктория Шегай Қазақстан әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға, әділ еңбек жағдайларын жасауға және шығу тегі, әлеуметтік мәртебесі мен жынысына қарамастан баршаға тең мүмкіндіктер қамтамасыз етуге ерекше мән беретінін еске салды.

«Біз әлеуметтік әділеттілік негізінде жалпыға ортақ және берік бейбітшілікті орнатуға бағытталған Әлеуметтік әділеттілік үшін жаһандық коалицияға қосылдық. Оның мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету үшін ХЕҰ-мен, үкіметтермен, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер бірлестіктерімен белсенді жұмыс жүргізуге ниеттіміз», – деді вице-министр.

Өз кезегінде Михаил Пушкин халықаралық тәжірибе мен ХЕҰ конвенцияларын ескере отырып, ұлттық заңнаманы жетілдіру бағытындағы жұмыстың тиімділігін және оң серпінін атап өтіп, осы бағыттағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.