AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Еңбек адамының абыройы жоғары  

Еңбек адамының абыройы жоғары  

Әлеумет 19.09.2024, 10:28 1,667 Нұржамал Әлішева
Еңбек адамының абыройы жоғары  
almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы “Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм” атты Жолдауында біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс деп атап өтті.

Кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Кәсібіне адал әрі жауапкершілікпен қараған адам қашанда лайықты бағасын алады.
​
Осы орайда бүгін біз Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 9 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан клинигтік қызметінің  маманы Аида Нүсіпбаева туралы сөз қозғағымыз келеді.

​Клиниканың кез келген бөлімшесінде, әсіресе реанимацияда санитардың жұмысы өте ауыр. Бұл - тазарту жұмыстары, төсек-орын ауыстыру, қоқыс шығару, түрлі шаруашылық жұмыстар, мейіргерлерге көмектесу ғана емес, сонымен қатар ауыр, төсек тартып жатқан науқастарға күтім жасау және т.б.

​Аида – жауапкершілігі мол, еңбекқор, қамқор жан. Ол эмпатия, жанашырлық, адамдарға көмектесуге дайын болу, ұқыптылық, тәртіптілік сияқты қарапайым адами қасиеттерімен ерекшеленеді. 

“Клинигтік қызмет мамандарының арнайы білімдері болуы керек. Аида аттестациядан өткен, сертификатталған маман. Ол “Медициналық мекемелердегі кәсіби клиниг: теория және тәжірибе” атты тиісті дайындықтан өтті. Аида өте мейірімді, жинақы және пысық. Сондықтан да ол әрдайым абыройлы”, — дейді институттың клинингтік қызмет бөлімінің менеджері Гүлнар Қойлыбаева.

​Кейіпкеріміз биыл Медицина қызметкері күні адал еңбегі үшін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

​Халық даналығы: «Тазалық – денсаулық кепілі» дейді. Кез келген медициналық ұйым санитарлық-эпидемиологиялық режимге бағынады. Олардың әрқайсысы пациенттер үшін ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер үшін де қауіпсіз, таза ортаны қамтамасыз етуі керек. Бұған кейіпкеріміз Аида Нүсіпбаеваның да зор үлесі бар.

Тағы бір айта кетерлігі, Аида екі баланың аяулы да ардақты анасы, сүйікті де сүйкімді, адал, қамқор жар, отбасының ұйтқысы және берекесі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тазалық #Еңбек адамы #медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);