ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Ең ыстық жаз қалай өтті?

Ең ыстық жаз қалай өтті?

Әлем 15.09.2023, 06:02 1,440
Ең ыстық жаз қалай өтті?
Сурет: Sb.by
Аптап ыстық адамзат үшін қалыпты жағдайға айналып барады.

Аптап ыстық адамзат үшін қалыпты жағдайға айналып барады.


БҰҰ-ның өкілдері осылай деп отболжап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Айтуларынша, келешекте жылдан жылға жаңа температуралық рекордтар тіркеліп отырады. Оған климаттың өзгеруі себеп. Бұл ретте мамандар 2023 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болуы мүмкін екенін ескертеді. Биылғы жаз – адамзат тарихындағы ең ыстық жаз болып тіркелді. Мамандар бұл үш ай ғана емес, 2023 жылдың өзі де ең ыстық жыл болуы мүмкін дейді. Бұған дейінгі рекорд 2016 жылы тіркелген. Сол көрсетіштерге жетуге аз-ақ қалды. Биыл көп елде рекордтық температура тіркелді. Осымен үш ай қатарынан теңіз бетінің жаһандық температурасы жоғары деңгейден түспей тұр. Мұздықтар да жылдам еріп барады. Мұхит суының температурасы да бұрын-соңды болмаған көрсетішке жеткен.



«Биыл ең ыстық маусым, сосын шілде, сосын ең ыстық тамыз тіркелді. Соның салдарынан көп елде қуаңшылық пен орман өрті көп болды. Өкінішке қарай, болашақта мұндай жағдайлар жиі қайталана беретінін болжап отырмыз», - дейді климатолог Ханна Клоук.



Жаһандық жылыну ең алдымен Еуропада қатты байқалып отыр. Қазір мұндағы орташа температура индустриалды дәуірге дейінгі деңгейден 2,2 градусқа жоғары. Әсіресе Италиядағы ахуал алаңдатарлық. Мұнда осымен 38 жыл қатарынан температура көтеріліп келеді. Мальта, Франция, Финляндия, Швейцария, Венгрия мен Кипрде де ұқсас жағдай. Ұлыбританияда жазды айтпағанда, күздің өзінде аптап ыстық басылмай тұр. 9 қыркүйек – 2023 жылдың ең ыстық күні болып тіркелді. Ол кезде сынап бағанасы 33 градустан асып кеткен.



«Ұлыбританияда қыркүйекте алты күн қатарынан температура 30 градустан түспей қойды. Ол күздің бұл уақыты үшін қалыпты жағдай деуге келмейді. Метеобақылау 1880 жылдан бері жүргізіліп келеді. Рекортық температуралар 21-ғасырда тіркеліп жатыр», - дейді метеоролог Клэр Насир.



Еуропада былтыр да ыстық болған. Садарынан 16 мың адам көз жұмды. Ал келітірлген материалдық шығын 2 миллиард доллардан асып кетті. Аптап ыстық Кәрі Құрлық қана емес, Сотүстік Америка мен Азия елдерінің тұрғындарын да әлекке салды. Орман өрті жиілеп кетті. Қуаңшылыққа байланысты көп елде суды тұтыну шектелді. Жаһандық жылынумен күресте әлем елдері қазбалы отыннан біртіндеп бас тартып, баламалы энергия көздеріне көшуде. Бірақ қазір әлемде энергетикалық дағдарыс өршіп тұр. Сарапшылар бұл климаттың өзгеруімен күрес шараларын тежеп отырғанын айтады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,279 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.