конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Елордада алғаш рет "KIOGE-2021" халықаралық мұнай...

Елордада алғаш рет "KIOGE-2021" халықаралық мұнай және газ көрмесі өтуде

Экономика 06.10.2021, 06:41 1,627
Елордада алғаш рет "KIOGE-2021" халықаралық мұнай және газ көрмесі өтуде
Сурет: Egemen.kz

Мұнай-газ саласындағы маңызды шараға әлем елдерінен 156 компания қатысуда


«EXPO» халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан шараға өз елімізден бөлек Ресей, Беларусь, Австрия, Бахрейн, Ұлыбритания, Германия, Нидерланды және Хорватиядан жүз елуден астам компания қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Көрмеге қойылған экспозицияның жалпы ауданы - 2700 шаршы метр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге келушілер мұнай және газ саласына қатысты соңғы технологиялармен танысумен қатар, сала мамандарымен тілдесіп, тәжірибе алмаса алады.



«KIOGE» көрмесі елордада алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл - мұнай және газ саласындағы маңызды шара. Халықаралық көрме екі жылда бір рет өтеді және биылғы шараға 9 елден 120-дан астам компания қатысып жатыр. Көрменің бізге бірер пайдасы - шетелдік озық компаниялармен бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі мен олардың заманауи ноу-хауларын өзімізге тарту. Сонымен қатар осы шара арқылы мұнай және газ саласындағы отандық компанияларға үлкен мүмкіндік беріліп, олар халықаралық ірі компаниялармен байланыс орнатып, өзара тәжірибе алмаса алады. Алдағы уақытта халықаралық көрмеге қатысушы компаниялардың саны көбейіп, аясы кеңейе түседі деп ойлаймын», - деді ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев көрменің ашылу салтанатында.



Сондай-ақ, министр көрмені аралап, оған қойылған өнімдермен танысып өтті. Одан бөлек, осымен 27-ші рет өтіп отырған халықаралық көрме аясында дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырылады деп күтілуде. Айта кетейік, елордадағы KIOGE көрмесі екі күнге созылады.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай #газ #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);