AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Еліміздің су қоймалары мен жолдарына Ислам даму ба...

Еліміздің су қоймалары мен жолдарына Ислам даму банкі қаржы бөледі

Экономика 28.06.2024, 09:53 715 yakiya
Еліміздің су қоймалары мен жолдарына Ислам даму банкі қаржы бөледі
Сурет: Stopfake.kz

Үкімет пен Ислам даму банкі келісімге қол қойды.

Ислам даму банкі Қазақстандағы инфрақұрылымға 2 миллиард долларға дейін қаржы бөледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОРЕС Халықаралық даму қоры ұйымдастырған форумда Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың Араб үйлестіру тобына кіретін ислам даму институттарымен бірқатар екіжақты кездесу өткізіп, сондай-ақ Қазақстан үкіметі мен Ислам банкі арасындағы Негіздемелік бағдарламалық келісімге қол қойылғаны айтылды.

"Келісім осы жылы су шаруашылығы және көлік салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды бастау үшін ұзақ мерзімді инвестициялар тарту туралы бұрын қол жеткізілген келісімдерді бекітті. Ислам даму банкі осы мақсаттарға 2 миллиард долларға дейін қаражат бөледі", - делінген хабарламада.

Су шаруашылығы және ирригация министрлігі биыл қаржыландыруға дайын 16 жобаны дайындады. Оларға су қоймаларын, бөгеттерді, ирригациялық арналарда, бақылау-реттеу және олармен байланысты инфрақұрылымдарды салу және қайта жаңарту кіреді. Көлік министрлігі жалпы ұзындығы 500 шақырымнан асатын республикалық маңызы бар жолдарды қайта жаңғырту және салу бойынша 4 жобаны ұсынды.

Келісім алға қойылған мақсаттарға табысты іске асыруды және қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін бірлескен жобаларды іске асыру барысына тұрақты консультациялар мен мониторинг жүргізуді көздейді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Жидда қаласында Ислам даму банкі мен Ислам ынтымақтастығы ұйымының басшылығымен кездесулер өткізді.

Қазақстан дипломатия ведомствосының басшысы ИДБ президенті Мұхаммед Сүлейман әл-Жасермен кездесуінде Қазақстанның экономикалық әлеуеті туралы хабарлады.

Банк тобы Қазақстанда құны 1,6 миллиард доллардан асатын 70-ке жуық жобаны жүзеге асырды, деп мәлімдеді Сыртқы істер министрі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ислам банк #үкімет #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);