ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Еліміздің құқық қорғау органдары іздеуде жүрген 31...

Еліміздің құқық қорғау органдары іздеуде жүрген 311 күдіктіні ұстады

Заң мен тəртіп 14.03.2025, 12:05 630
Еліміздің құқық қорғау органдары іздеуде жүрген 311 күдіктіні ұстады
Сурет: Polisia.kz
2025 жылдың екі айында Ішкі істер министрлігі еліміздің құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген 311 күдіктіні ұстады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2025 жылдың екі айында Ішкі істер министрлігі еліміздің құқық қорғау органдарымен іздеуде жүрген 311 күдіктіні ұстады, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның ішінде:

кісі өлтіргені үшін - 7 адам;

қарақшылық шабуыл жасағаны үшін - 1 адам;

денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін - 6 адам;

 тонау жасағаны үшін - 7 адам;

бопсалау қылмысы үшін – 1 адам;

 ұрлық үшін - 75 адам;

есірткімен байланысты қылмыстар үшін 10 адам құрықталды.

Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 145 адамның жүрген жері анықталды.

 - Өткен жылы Астана қаласында тұратын азаматтың автокөлігін ашық түрде тартып алған 40 жастағы ер адам Түркістан облысында ұсталды. Маңғыстау облысында 50 жастағы ер адам құрықталды. Ол былтыр жазда тоғыз келіден астам гашиш сатқан, - деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

 Қазақстан полицейлері ТМД және алыс шет елдер үшін 85 қылмыскерді ұстады.

- Мысалы, Түркістан облысында мемлекеттік шекарадан өтпек болған кезде екі жыл бұрын Мәскеу тұрғынын өлтіргені үшін іздеуде жүрген 42 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Сондай-ақ Жамбыл облысында шетел азаматы ұсталды. 2014 жылы Тәжікстан полицейлері одан 72 келіден астам гашиш тәркілеген, - деді Қанат Нұрмағамбетов. 

Спикердің сөзінше, шетелдік әріптестермен тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде, соның нәтижесінде республикадан тыс жерлерде іздеуде болған 21 адам анықталып, ұсталды. 

- Польшадағы Варшава әуежайында ер адам ұсталды. Ол 2014 жылы Қазақстан Республикасы азаматтарын алдап, бір миллиондай АҚШ долларын қолды еткен. Түркия Республикасының Анталья қаласында 39 жастағы әйел ұсталды. Ол да алматылық тұрғындарды алдап, 146 мың АҚШ доллар алған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді полиция полковнигі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.