ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / Еліміздің мәдени астанасында «Музейлер түні-2024»...

Еліміздің мәдени астанасында «Музейлер түні-2024» акциясы аясында қандай іс-шаралар өтеді?

Мәдени Алматы 15.05.2024, 16:17 1,021
Еліміздің мәдени астанасында «Музейлер түні-2024» акциясы аясында қандай іс-шаралар өтеді?
Сурет: Almaty-akshamy.kz
«Музейлер түні» халықаралық акциясы аясында 2024 жылдың 18 мамырында сағат 18:00-ден 00:00-ге дейін Алматы қаласындағы музейлерде тарих және өнерсүйер қауым үшін бірқатар қызықты шара ұйымдастырылады.

«Музейлер түні» халықаралық акциясы аясында 2024 жылдың 18 мамырында сағат 18:00-ден 00:00-ге дейін Алматы қаласындағы музейлерде тарих және өнерсүйер қауым үшін бірқатар қызықты шара ұйымдастырылады.

Музейлерге келушілер эксклюзивті артефактілер мен сирек кездесетін эспонаттарды, тарихи кейіпкерлердің қатысуымен театрландырылған қойылымдар тамашалай алады. Сондай-ақ квесттер мен викториналарға, қыш ыдыстар жасау және ортағасырлық монеталарды соғу, музыкалық аспаптар мен зергерлік бұйымдар жасау бойынша шеберлік сыныптарға қатыса алады.  Белгілі музейтанушылар мен ғалымдар Алматы тұрғындары мен қонақтарына авторлық экскурсиялар өткізіп, интерактивті дәрістер жүргізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл түні Алматы музейлерінің барлығына кіру тегін болады. «Музейлер түні» акциясы аясында келушілер мәдениет пен тарих бағытындағы білімін таразылап, дәуірлер мен өнер арқылы бірегей және интерактивті әлемге саяхаттай алады. 

Акция аясында қызықты шаралар ұйымдастыратын Алматы музейлерінің тізімі: 
1.    Алматы музейі – Қабанбай батыр көшесі, 132
2.    Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі – Зенков көшесі, 24а  
3.    Д.А.Қонаев музейі - Төлебаев көшесі, 117 
4.    Н. Тілендиевтің мемориалдық музейі – Қонаев көшесі, 96
5.    С. Мұқанов атындағы әдеби-мемориалдық музей - Төлебаев көшесі 125
6.    Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық музей кешені - Төлебаев көшесі 130 
7.    Мультимедиялық дәстүрлі музыкалық орталық - Нұркент шағын ауданы 1, 5/11 
8.    А. Байтұрсынұлының музей-үйі - Байтұрсынұлы көшесі, 60

Экскурсоводтар, аты аңызға айналған тұлғалардың ұрпақтары, мәдениет қайраткерлері, атақты артистер мен танымал блогерлер музейлерге келген қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени-танымдық бағдарламалар ұсынады. Бағдарлама Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жарияланған. Анықтама телефоны: 272-43-21, 87088206179, Айя Белялова – Алматы қаласы музейлер бірлестігінің баспасөз хатшысы.

Анықтама үшін: «Музейлер түні» алғаш рет 1997 жылы Берлинде өтті. Халықаралық музейлер күніне орайластырылған акцияның мақсаты – мәдени мұра мен өнерді насихаттау. Қазақстанда бұл акция 2006 жылдан бастап ұйымдастырып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.