AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Коронавирус / Еліміздің Денсаулық сақтау министрі жалған вакцина...

Еліміздің Денсаулық сақтау министрі жалған вакциналау паспорттары базадан өшірілетінін айтты

Коронавирус 11.10.2021, 08:12 1,353
Еліміздің Денсаулық сақтау министрі жалған вакциналау паспорттары базадан өшірілетінін айтты
Сурет: 24.kz

Жалған вакциналау паспортына тосқауыл қойылмақ


Мәжілістегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакциналаудың жалған паспорттарын сатып алуға қандай тосқауыл қойылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.



«Жұмысына адал қарамайтын әріптестеріміз де бар екені өкінішті. Бұл тұрғыда «бизнестің индустриясы» байқалды. Осы орайда біз осы мәселені шешу үшін бірінші болып бастама жасап, құқық қорғау органдарынан жедел жұмыстарды жүргізуді сұрадық. Яғни салада өзі ісіне адал емес әріптестерімізді анықтау керек болды. Бұл ретте 90-нан астам қылмыстық іс қозғалды, оның жартысынан астамы ПТР-тест нәтижелерін қолдан жасауға, ал қалғаны вакциналау паспортына қатысты. Әрбір пункт бойынша тексеріледі. Сот шешімі шыққаннан кейін, барлық жалған паспорттар базадан өшіріледі. Бірқатар ұйымдарда камералар орнатылды. Сонымен қатар ішкі қадағалау бар, медициналық ұйымдар өздері де тексеру жүргізеді», - деді А. Цой.



Осы орайда ол вакцина алу арқылы індеттің таралуын тежеуге мүмкін болатынын айтты. Сонымен қатар, КВИ-дің жеңіл өтуіне жағдай жасалады.



«Шынын айтқанда, бұл мәселеге қатысты халыққа түсіндіруге тырысып жатырмыз. Адамдар өзін-өзі (жалған паспорт арқылы) алдап жатыр. Денсаулығын қорғамайтын қағазды сатып алғаннан не пайда? Кімді алдап жатыр?» - деді министр.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Вакцинация #жалған паспорт #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);