AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Еліміздің бірқатар өңірінде тұрғын үй көмегіне өті...

Еліміздің бірқатар өңірінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген ауқатты отбасылар анықталды

Оқиға 02.02.2026, 10:27 668
Еліміздің бірқатар өңірінде тұрғын үй көмегіне өтініш берген ауқатты отбасылар анықталды
Сурет: Qazaqstan.tv

Қарағанды облысы мен Шымкентте тұрғын үйді жалдау ақысына мемлекеттен қолдау алуға өтініш берген 2300-ден астам отбасының 913-і ауқатты болып шықты, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, былтыр аталған екі өңірде азаматтардың әл-ауқатын бағалайтын скорингтік модель пилоттық түрде енгізілген. Осы кезеңде 27 мыңнан астам өтініш түскен.

Ведомствоның хабарлауынша, «тұрғын үй көмегін тағайындау», «жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған баспананың жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау» және «мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу» қызметтері бойынша шешім қабылдауда осы модель қолданылып келеді. Соның ішінде жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялауға 2 356 өтініш түсіп, тексеру нәтижесінде 913 отбасының ауқатты екені анықталған.

Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап мүгедектігі бар балаларды үйде оқыту шығындарын өтеу қызметіне өтініш қабылдау басталып, барлығы 1 741 өтініш тіркелген. Ұпайлау қорытындысы бойынша оның 44-і ауқатты отбасылар санатына жатқызылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бай #ауқатты отбасы #жалған өтініш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);