ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / Еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Алматы 12.02.2026, 08:30 96
Еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Сурет: dknews.kz
Қазақстанның 16 облысында 12 ақпанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанның 16 облысында 12 ақпанда ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ пен тұман күтіледі. Синоптиктердің болжамынша, ауа райының қолайсыздығы әсіресе түнгі және таңғы уақытта жол қозғалысына қауіп төндіруі мүмкін.

Жетісу облысының шығыс бөлігінде және таулы аймақтарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Талдықорғанда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ұлытау облысының солтүстік, шығыс және орталық аудандарында тұман күтіледі. Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ таулы өңірлерінде көктайғақ пен тұман болжануда. Облыстың шығысында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с болады. Алматы мен Қонаев қалаларында да жолдар тайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қарағанды облысының бірқатар аумағында тұман түсіп, түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын болады. Өскеменде түнгі ауа температурасы -15…-17°C-қа дейін төмендейді.

Абай облысының оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын күтіледі. Семейде түнде -19…-21°C аяз болады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қалың қар түсіп, көктайғақ қалыптасады. Тараз қаласында қатты жауын-шашын, тұман және көктайғақ болжанып отыр.

Түркістан облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ пен бұрқасын болады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да осындай ауа райы сақталады.

Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында тұман күтіледі. Қызылорда облысының шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысында тұман мен көктайғақ болжанса, Ақтауда түнгі және таңғы уақытта жолдар тайғақ болады. Павлодар облысында түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көкшетауда түнде желдің жылдамдығы шамамен 15 м/с болады.

Синоптиктер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сақтық шараларын күшейтіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.