ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Хабарлама / Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерт...

Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Хабарлама 25.03.2022, 14:40 1,400
Еліміздің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Bugin.kz
Синоптиктер 26 наурызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Синоптиктер 26 наурызда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.


Таңертең және күндіз Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын күтіледі. Күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай күтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда 15-20, күндіз облыстың солтүстігінде және таулы аудандарда екпіні 25 м/с.


Шымкент қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.


Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. 


Көкшетау қаласында 26 наурызда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.


Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15 м/с күтіледі.


Нұр-Сұлтан қаласында 26 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.


Маңғыстау облысында жауын-шашын, түнде облыстың, солтүстігінде, батысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде көктайғақ. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.


26 наурызда түнде Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с. Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.


Қостанай облысының оңтүстігінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.


26 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, түнде көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.


Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.


Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.