ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Еліміздегі ең үлкен музей Астанада бой көтереді

Еліміздегі ең үлкен музей Астанада бой көтереді

Мәдениет 25.04.2023, 14:19 1,371
Еліміздегі ең үлкен музей Астанада бой көтереді
Сурет: Egemen.kz
Астана маңында Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы салынып жатыр.

Астана маңында Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы салынып жатыр.


412 гектар аумақты алып жатқан кешен еліміздегі ең үлкен ашық аспан астындағы музей болмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Қазіргі кезде музей аумағына қос қапталдан кіруге арналған биіктігі 7 метрден асатын кіреберіс қақпа мен бекініс қабырғаларының құрылысы басталды. Кіреберіс пен бекіністегі мұнаралар сол кезеңдегі технология бойынша арнайы жасалған құрылыс материалдарымен қапталады.  


Жобаның негізгі мақсаты - ашық аспан астындағы музейде дала өркениетінің озық жетістіктерін көрсету. Мұнда Бозоқ қалашығымен қатар, энеолит дәуірінен орта ғасырларға дейінгі тарихи кешендердің тарихи реконструкциясы бой көтереді.


Әр кешенде материалдық және рухани мәдениеттің қалыптасу тарихы көрсетіледі: сарай кешендері, ғибадатханалар, тұрғын үйлер, металлургиялық және қыш пештер, ұстаханалар мен шеберханалар, қолөнершілер орамы, ортағасырлық базар, петроглифтер және т. б.


Болашақта Бозоқ инновациялық жоба ретінде елорданың ғана емес еліміздің туристік картасында тартымды мәдени инфрақұрылымға айналады деп күтілуде. Тарихи-мәдени жоба шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға серпін береді.



«Бүгінгі жастар көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын ақпаратты жақсы қабылдайды. Жаңа форматтағы музей оларға сол дәуірдің атмосферасын, халықтың тұрмысын толық сезінуге және дала өркениетінің озық мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Бұл жоба болашақта Қазақстанның танымал туристік брендтерінің біріне айналатыны анық. Музей-қорық ашу ішкі және келу туризмін дамытуға мүмкіндік береді, елорда өңірінің инвестициялық тартымдылығын жақсартады, Қазақстанның Еуразияның далалық тарихының сақтаушысы ретіндегі халықаралық имиджінің өсуіне оң ықпал ететін болады», - деді ҚР МСМ «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Сәуле Бөрібаева.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.