ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Медицина / Елімізде үш жылда коронавирустан 13 848 адам көз ж...

Елімізде үш жылда коронавирустан 13 848 адам көз жұмды

Медицина 06.05.2023, 08:37 1,875
Елімізде үш жылда коронавирустан 13 848 адам көз жұмды
сурет:ria.ru
Коронавирус пандемиясы аяқталды.

Коронавирус пандемиясы аяқталды.


Әлем бойынша коронавирус пандемиясы аяқталды. COVID-19 вирусымен үш жылдан астам күрес жүрді. Қазақстан індетпен қалай күресті? Денсаулық сақтау министрлігі қорытынды шығарды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Қазақстанда пандемия жарияланған алғашқы күннен бастап ведомствоаралық комиссия құрылып, онда 2 мыңнан астам жедел және ұтымды шешімдер қабылданды. Комиссия халықтың денсаулығын COVID-19-дан сақтау мен қорғау, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы, медициналық ұйымдардың инфрақұрылымын нығайтуға қатысты шешімдер қабылдады. Сонымен қатар дәрілік заттарды, иммунобиологиялық препараттарды, медициналық құрал-жабдықты, жеке қорғану құралдарын сатып алу, елдегі және әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин талаптарын күшейту және әлсірету бойынша шешімдер қабылдады», - делінген министрлік хабарламасында.



Одан бөлек, пандемия басталғанда министрлік және барлық өңір әкімдіктері жанынан республикалық және жедел штабтар құрылды. Олар күн сайын коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл жөніндегі медициналық ұйымдардың жұмысын үйлестірді.



«Пандемия кезеңінде еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері COVID-19-бен күресте профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар бойынша 83 қаулы қабылдады. Жаңа қаулы коронавирус инфекциясының жаңа нұсқаларының пайда болуын және вирустың қасиеті туралы тәжірибені ескере отырып, өзектендіріліп отырды. Уақтылы медициналық көмек көрсету үшін қалаларда 16 модульдік аурухана салынды және 3 инфекциялық аурухана қайта жаңартылды, сондай-ақ 63 амбулаториялық-емханалық ұйым пайдалануға берілді», - дейді ведомстводан.



Ақпаратта айтылғандай, коронавирус індеті күшейген кезде үйге барып медициналық көмек көрсететін 3054 көшпелі мобильді бригада жұмысын бастады.



«Психоэмоционалдық жүктемені, қауіптерді ескере отырып, медицина кадрларын әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу бойынша шаралар қабылданды. Пандемия кезінде 57 мың медицина қызметкері шамамен 285 млрд теңге көлемінде төлемдер алды. Отандық денсаулық сақтау жүйесі ресурстарының, медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің және КВИ бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы жүргізудің арқасында өлімге әкелетін инфекцияның таралуын тоқтатуға қол жеткізілді», - деп толықтырады ведомство.



Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусты жұқтыру, одан болған өлім-жітім жөнінде статистиканы ұсынды.


Елімізде 2020 жылғы 13 наурыз бен 2023 жылғы 5 мамыр аралығында коронавирус инфекциясының 1 411 883 жағдайы тіркелді. Пандемия 13 848 қазақстандықтың өмірін қиды. Одан басқа, 2020 жылғы 1 тамыз бен 2023 жылғы 5 мамыр аралығында коронавирус белгілері бар пневмонияның 91 027 жағдайы тіркелді, салдарынан 5413 адам қайтыс болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.