Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде туристік электр пойызы жолға шықты

Елімізде туристік электр пойызы жолға шықты

Әлеумет 22.12.2022, 03:18 938
Елімізде туристік электр пойызы жолға шықты
Сурет: Inform.kz

Бүгін іске қосылған туристік пойыз 2023 жылғы қаңтардың соңына дейін жүреді


Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елордадан Бурабайға дейін арнайы туристік электр пойызы іске қосылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана – Көкшетау электр пойызының 2 вагоны таңертең жолға шықты. Сондай-ақ, вагондар ұлттық стильде безендірілген.


Жолда Бурабайға тоқтайтын электр пойызы күн сайын таңғы сағат 06:03-те «Нұрлы жол» вокзалынан шығып, курортты аймаққа сағат 09:57-де жетеді.


Кері қарай сағат 19:15-те аттанып, Астана-1 станциясына сағат 22:18-де, ал «Нұрлы жол» вокзалына сағат 23:00-де келеді.



«Мерекелік пойыз жобасын «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз. Наурыз мерекесі қарсаңында жалғасын табады. Сондай-ақ, алдағы уақытта пойыз бағыттарының аясын кеңейту жоспарымыз бар. Мысалы, Алматы -Маңғыстау бағытында туристік пойызды іске қосу. Осылайша, басқа бағыттар да ашыла бастайды. Әрине, бір күндік жұмыс емес, жоспар бар», - деді «Kazakh Tourism» АҚ ұлттық компаниясының басқарушы директоры Даниель Сержанұлы БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры барысында.




Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік безендірілген вагондардың баға айырмашылығы жоқ.


Бүгін іске қосылған туристік пойыз 2023 жылғы қаңтардың соңына дейін жүреді.



«Мерекелік пойыз туристер үшін ыңғайлы. Турпакетті сатып алғанда пойыздың құны ішіне кіреді. Яғни, бөлек билет алудың қажеті жоқ. Мысалы, сіз Бурабайға турпакет сатып алсаңыз көлік жағын уайымдамасаңыз болады. Сізді Бурабайдан күтіп алады. Жаңа жылдық электр пойызын іске қосудағы мақсат – өңірлерге туристер ағынын тарту және жергілікті туроператорлардың белсенділігін қамтамасыз ету», - дейді ол.



Айта кетсек, аталған жобаны ҚР Президентінің Іс Басқармасына қарасты «Бурабай Даму» ЖШС, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы және «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірлесіп қолға алып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Туристік пойыз #Бурабай #Жаңа жыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.