AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде су экожүйелерінің ұзақ мерзімді тұрақтылы...

Елімізде су экожүйелерінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету жоспарлануда

Әлеумет 10.02.2023, 12:42 1,139
Елімізде су экожүйелерінің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету жоспарлануда

Қосымша гидрологиялық бекеттер ашылады


Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, құжаттың мақсаты елдің су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану, экономика және қоршаған орта салаларының қажеттіліктерін теңгерімді қамтамасыз ету мәселелерін шешу болып табылады.



«Біз су экожүйелерінің реттеу және қолдау функцияларын сақтау үшін олардың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етпекпіз. Тұжырымдама жобасы төрт негізгі міндетті қамтиды: өнімділікті, су сапасын, қолайсыз әсерлерге төзімділікті арттыру және су ресурстарын басқаруды жетілдіру», — деді З. Сүлейменова.



2029 жылға қарай Қазақстанда магистральдық және шаруашылықаралық арналар желісі жаңғыртылып, автоматтандырылады, барлық негізгі гидротехникалық құрылыстарға көпфункционалды тексеру жүргізіледі деп жоспарлануда.



Бұдан басқа, қосымша гидрологиялық бекеттер ашылады, сумен жабдықтауға тарифтер қайта қаралады және суды ағызу мониторингінің автоматтандырылған жүйесі енгізіледі.


Талқылау қорытындысы бойынша Тұжырымдама жобасы мақұлданды. Премьер-Министр Әлихан Смайылов салалық ведомствоға айтылған ұсыныстарды ескере отырып, құжатты пысықтауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#су #Экожүйе #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);