ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде қанша ата-ана декреттік төлем алып отырға...

Елімізде қанша ата-ана декреттік төлем алып отырғаны белгілі болды

Әлеумет 12.02.2026, 11:39 99
Елімізде қанша ата-ана декреттік төлем алып отырғаны белгілі болды
Сурет: Inform.kz
Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар айында мемлекеттік жәрдемақылар мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер арқылы 164,1 мың адамға 59,2 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді,...

Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар айында мемлекеттік жәрдемақылар мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін төлемдер арқылы 164,1 мың адамға 59,2 млрд теңге көлемінде қолдау көрсетілді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақыны 28,5 мың адам 5,6 млрд теңгеге алды. Оның мөлшері: алғашқы үш балаға – 164 350 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға – 272 475 теңге.

1,5 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жәрдемақы 130,2 мың адамға 4,2 млрд теңге көлемінде төленді. Ай сайынғы төлем мөлшері баланың кезегіне қарай 24 912 теңгеден 38 493 теңгеге дейін жетеді. 2026 жылдың басынан бастап бұл жәрдемақылар 10%-ға индекстелді.

Сонымен қатар жұмыс істейтін азаматтарға жүктілік және босану бойынша МӘСҚ-тан төленетін біржолғы әлеуметтік төлем қаңтар айында 17,4 мың адамға тағайындалып, жалпы сомасы 16,8 млрд теңгені құрады. Орташа төлем мөлшері – 1,16 млн теңге.

Бала 1,5 жасқа толғанға дейін табысынан айырылу жағдайына байланысты ай сайынғы әлеуметтік төлем 16,5 мың адамға 32,6 млрд теңге көлемінде берілді. Орташа айлық төлем 78 294 теңгені құрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.