AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Елімізде педагогтерді даярлайтын оқу орындарының с...

Елімізде педагогтерді даярлайтын оқу орындарының саны азайды

Білім және ғылым 08.11.2021, 10:04 1,706
Елімізде педагогтерді даярлайтын оқу орындарының саны азайды
Сурет: Asiaplustj.info

Мұғалімдерді даярлайтын жоғары оқу орындарының саны 86-дан 50-ге дейін қысқарды


Жалпы педагогикалық бағыттар бойынша лицензияға 138 қосымша қайтарылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы болашақ педагогтерді даярлау сапасын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Соңғы екі жылдың ішінде министрлік жоғары оқу орындарына білім беру қызметтерінің сапасын жақсарту үшін түрлі мүмкіндіктер жасады. Мәселен, биыл қыркүйек айынан бастап жоғары оқу орындары оқытушыларының жалақысы жоғарылап, жұмыс істеп жүрген және тәжірибесі мол мамандарды барынша жұмысқа тартуға заң жүзінде рұқсат етілді. Сонымен қатар жыл басынан бері ҚР БҒМ еңбек нарығының заманауи сұраныстарына бейімделген 300-ден астам білім беру бағдарламасын әзірледі. Академиялық дербестік беріліп, түлектерді сертификаттау жүйесі енгізілді.



«Болашақта балалармен жұмыс істейтін педагогтердің біліктілік мәселесі біз үшін өте маңызды. Мектептердегі оқушыларды өз ісін жақсы көретін мамандар оқытуы керек. Сондықтан бұл мәселеде педагогтерді даярлайтын жоғары оқу орындарының санына емес, олардың жұмыс сапасына баса назар аударған жөн. Ымыраға келу деген болмайды. Елімізде болашақ мұғалімдерді сапалы даярлайтын жоғары оқу орындары бар. Алайда, кейбір университеттердегі тексеру нәтижелері көңіл көншітпейді және университеттердің барлығы бірдей талаптарға сәйкес келе бермейтінін көрсетеді. Министрлік білім беру қызметтерінің сапасын сәйкестендіруге уақыт береді. Егер жоғары оқу орны сапаны жақсарту бойынша жұмыс жүргізбесе, біз қатаң шаралар қабылдаймыз. Атап айтсақ, лицензиядан айырамыз. Мысалы, қазіргі таңда елімізде педагогтерді дайындайтын жоғары оқу орындары аз. Есесіне педагогтерді бәсекеге қабілетті университеттер дайындайды. Уақыт өте келе бұл оң нәтиже береді»,— деп атап өтті ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұғалімдер #даярлау #педагогтер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);