Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде өткен жылы 138 млн түп ағаш отырғызылды

Елімізде өткен жылы 138 млн түп ағаш отырғызылды

Әлеумет 23.08.2022, 05:28 1,118
Елімізде өткен жылы 138 млн түп ағаш отырғызылды
Сурет: Otyrar.kz

Өткен жылы Қазақстанда 66 мың гектар алқапқа 138 млн түп ағаш отырғызылды.


Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.


Министрдің айтуынша, биоалуантүрлілікті сақтау мақсатында «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына 3 көрсеткіш пен 8 іс-шара қабылданған. Ұлытау тау-дала массивінің экожүйесін қалпына келтіріп, сақтау үшін Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауданы 58,9 мың гектар «Ұлытау» ұлттық паркі құрылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«Мемлекет басшысының 2 миллиард ағаш отырғызу тапсырмасымен облыс әкімдіктері орманды қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарларын бекітті, интерактивті карта дайындалып, керекті техника мен жабдық құралдары сатып алынды. Өткен жылы жоспарланған 44,3 мың га орнына 66 мың гектар алқапқа 138 млн ағаш отырғызылды. Биыл көктемдік отырғызылымда жоспарланған 66,9 мың гектардың 39 мың гектарына 106,4 млн ағаш отырғызылды. Орман дақылдарының негізгі жұмыс көлемін аяқтау күз мезгіліне жоспарланған», - деді С. Брекешев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен бірге Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында өткен жылы 100 мың га сексеуіл отырғызылған және биыл 250 мың гектар отырғызу жоспарланған. Осы жылдың көктемінде 12 мың гектар сексеуіл егілсе, қалған 238 мың гектар алқапқа күзде егіледі.


«Былтыр республика бойынша орман дақылдарының жерсінуіне инвентаризация жүргізілді. Күзгі инвентаризация бойынша орман дақылдарының жерсінуі шамамен 72% көрсеткен. Биыл Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында бекітілген жоспарлы жұмыстарды жүргізуге қаржы бөлінбеді, бұл Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауға кедергі келтіруі мүмкін. Осыған байланысты, орман иелерін материалдық-техникалық құралмен қамту, орманды қалпына келтіру мәселелерін шешу мақсатында аталған облыс әкімдерінен жергілікті бюджеттен қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруды сұраймын», - деді Экология министрі.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ағаш отырғызу #экология министрі #Ұлттық жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.