Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде Орта Азия волонтерлерінің бірінші форумы...

Елімізде Орта Азия волонтерлерінің бірінші форумы өтеді

Әлеумет 09.08.2022, 13:01 1,265
Елімізде Орта Азия волонтерлерінің бірінші форумы өтеді

Форум 2 кезеңнен тұрады


Қазақстанда 2022 жылдың 15-19 тамыз аралығында Орта Азия волонтерлерінің бірінші форумы өтеді, деп хабарлайды Almaty- akshamy.kz. Ұйымдастырушы – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясында сөйлеген сөзіндегі волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау жөніндегі бастамасын қолдауға бағытталған.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялаған болатын.
Форум Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Армения және Өзбекстан волонтерлерінің басын қосады.
Қатысушылар волонтерліктің жаңа үрдістерін, волонтерлікті дамытудағы Қазақстанның жақсы тәжірибесін талқылайды. Сондай-ақ үздік жобаларды және БҰҰ волонтерлер бағдарламасын – әлемдегі еріктіліктің жай-күйі туралы «Баршаға тең қоғам құру» баяндамасын ұсынады.
Баяндама Африка, Араб елдері, Азия-Тынық мұхиты, Еуропа, ТМД, Латын Америкасы және Кариб бассейнінде жүргізілген кейстерге негізделген.
Форум 2 кезеңнен тұрады.
I кезең. 15-16 тамызда Бурабай ұлттық паркінде және Түркістан облысында халықаралық волонтерлер мен сарапшылардың қатысуымен Қазақстанның волонтерлікті дамытудағы тәжірибесін талқылау, үздік волонтерлік жобаларды таныстыру үшін офлайн форматта пікірталас өтеді. Қатысушыларды білім беру, экология, медицина, жұмысқа орналастыру, инклюзия, бұқаралық спорт, этно-еріктілік, үздік тәжірибелер, шығармашылық аймақ және әлеуметтік шеберхананың жеке бағыттары бойынша ойын практикасы күтіп тұр.
II кезең. 18-19 тамызда елордада TEDx talks форматындағы қорытынды форум өтеді. Онда панельдік сессиялар, волонтерлік қызмет кеңесі/пулы алаңдары ұйымдастырылып, делегаттар сөз сөйлейді. Күннің негізгі бөлігінде 2022 жылы ББМДҰ-ның қарары жарияланып, арнайы сессия өтеді.
Форум бойынша барлық материалдарды мына сілтеме арқылы көруге болады. https://drive.google.com/drive/folders/19zgZwnJF83Z158aSsmqJ5d7PWr_wXP4x 
БАҚ-қа арналған байланыс мәліметтері:
Ақерке Берлібай (PR менеджері) + 7 702 911 8907
Instagram - https://www.instagram.com/qazvolunteer.kz/ 
Facebook - https://www.facebook.com/qazvolunteer 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум #Еріктілер #Орта Азия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.