AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елімізде Олимпиада ойындарына даярлайтын орталықта...

Елімізде Олимпиада ойындарына даярлайтын орталықтар ашылады

Спорт 25.02.2022, 10:58 1,578
Елімізде Олимпиада ойындарына даярлайтын орталықтар ашылады
Сурет: Gidmoskva.ru

12 өңірде 13 облыстық мектеп-интернат жұмыс істеп тұр.


Бұл жайлы Бейжіңде өткен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының қорытындысына арналған отырыста белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Спорттық резервке қатысты келесі жайт, өңірлік, қалалық және ұлттық деңгейдегі олимпиадалық резервті даярлау орталықтарының қызметімен байланысты. Қазіргі уақытта республикалық олимпиадаға даярлау орталықтарын ашу мәселесі пысықталып жатыр. Орталықтардың өз спорттық базалары болады. Сондай-ақ, жас спортшыларды даярлаудың негізгі сатыларының бірі - интернат үлгісіндегі спорттық білім беру мекемелері. Бұл бастаманы да қолға алу жоспарда бар», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.



Министрдің мәліметінше, бүгінде 12 өңірде спортта дарынды балаларға арналған 13 облыстық мектеп-интернат жұмыс істеп тұр.



«Спортшыларды даярлау сапасын арттыру үшін оларды барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керек. Облыстық бюджет есебінен және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде қосымша спорт базаларын салу қажет деп санаймын. Әсіресе, ұлттық құрама командаларды даярлауда сапаға баса назар аудару қажет», - дейді ол. Бұған дейін ведомство басшысы отандық спортты дамытудың жаңа бағдарламасы қабылданатынын айтқан еді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #олимпиада #орталық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);