AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде некелесу саны азайған

Елімізде некелесу саны азайған

Әлеумет 15.05.2026, 15:10 169 yakiya
Елімізде некелесу саны азайған

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде некеге тұрғандар саны азайып кеткен, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

2015 жылмен салыстырғанда 2025 жылы тіркелген некелер саны 148,8 мыңнан 116 мыңға дейін төмендеді. Осылайша он жыл ішінде некелер саны шамамен 22%-ке азайған.

"Сәйкесінше, некелесу коэффициенті де төмендеген. Егер 2015 жылы 1000 адамға 8,48 неке тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 5,69 болды", - дейді бюрода.

Некеге тұратындар саны әсіресе Астанада көп. Ал Қызылорда мен Батыс Қазақстанда некелесу жағынан көш соңында тұр.

"Астанада некелесу неге көп, өйткені жастар көп шоғырланған және еңбекке қабілетті, соған байланысты болуы да мүмкін. Айта кету керек, соңғы 20 жылдағы некелесудің ең жоғары көрсеткіші 2012-2013 жылдарға тиесілі. Бұл мерзімде 1000 адамға 9,8-9,9 неке тіркелген. Салыстырмалы түрде алғанда, 2005 жылы некелесу коэффициенті 8,12-ні құраған", - дейді статистика бюросында.

Некеге тұру неге азайды?

Біріншіден демографиялық толқын. 1990 жылдардың соңында туған ұрпақ қазіргі уақытта неке жасына жетті. Бұл кезеңде елдегі туу деңгейі айтарлықтай төмен болған.

"Сонымен қатар қазақстандықтар некеге кеш тұратын болды. Соңғы 10 жылда алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде 27, ал әйелдерде 25 жастан асып барып тұратын болды", - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#неке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);