ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Елімізде мал ұрлығы азайыпты

Елімізде мал ұрлығы азайыпты

Заң мен тəртіп 03.02.2025, 16:46 666
Елімізде мал ұрлығы азайыпты
Сурет: Polisia.kz
Бұл туралы ІІМ онлайн-брифингінде ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Алекешев баяндады.

Бұл туралы ІІМ онлайн-брифингінде ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Алекешев баяндады. 

2024 жылы республика бойынша 1026 мал ұрлығы орын алды. Бұл былтыр тіркелген жалпы ұрлықтың 3%-ын құрайды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Polisia.kz-тің ақпаратына сай, аталған фактілердің жартысынан көбі еркін жайылымда жасалған. Полиция 89 қылмыстық топты құрықтады. Олардың құрамында 572 мал ұрысы болған. Ұрланған малдың 4,5 мыңнан астамы табылып, заңды иелеріне қайтарылды. Осылайша өткен жылы мал ұрлығының саны 30,5%-ға төмендеді.

- Жалпы қабылданған кешенді шаралардың арқасында соңғы бес жылда мал ұрлығы 64%-ға азайды. Қылмыстың осы түрімен күресті күшейту мақсатында Ішкі істер министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңнамалық, ұйымдастырушылық және практикалық шараларды тұрақты түрде жүргізеді, - деді департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Спикердің сөзінше, осындай қадамдардың бірі ретінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін қабылдауды атап өтуге болады. Сондай-ақ жайылым ережелерін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 408-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік белгіленген. 2024 жылы 38,5 мыңнан астам осындай бұзушылық анықталды. Одан бөлек, мал ұрлығы үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізілген. Онда мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Өткен жылы мал ұрлығына қарсы республикалық деңгейде 2 іс-шара, өңірлік деңгейде 76 іс-шара өткізілген. 

2025 жылдың қаңтар айында елімізде 69 мал ұрлығы тіркелді. 53 күдікті ұсталды. 10 қылмыстық топ әшкереленді. Ұрланған 450 малдың 134-і иелеріне қайтарылды.

Малды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін ІІМ қарапайым ережелерді сақтауды ұсынады:

- малды қараусыз қалдырмаңыз; 

- GPS-трекерлерін орнату арқылы бақылаудың заманауи әдістерін қолданыңыз;

- малға ен салып, таңбалауды және чиптеуді ұмытпаңыз.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,268 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.