AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде көлік көбейіп кеткен

Елімізде көлік көбейіп кеткен

Әлеумет 16.06.2025, 16:43 1,199
Елімізде көлік көбейіп кеткен
Элеонора Якия

Ұлттық статистика бюросының 1 маусымдағы мәліметінше, Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 6,3 миллионға жетті, - деп хабарлайды  aqshamnews.kz Tengri Auto-ға сілтеме жасап.

2025 жылдың мамырында Қазақстанда 128,1 мың автокөлік тіркелген, бұл былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда шамамен 15 пайызға артық. Жаңадан тіркелген көліктердің басым бөлігін – 113 мыңын жеңіл автокөліктер құрайды.

Сонымен қатар, мамырда Қазақстан жолдарына:

8 мың жүк көлігі;
1,4 мың автобус шыққан.

Бүгінде Қазақстанда 20,33 миллион адам тұрады. Жалпы 6,3 миллион автокөлікті ескерсек, әрбір үшінші қазақстандық көлік иесі деген сөз.

Экологиялық таза көліктерге деген қызығушылық та артып келеді: 2024 жылдың мамырымен салыстырғанда тіркелген электромобильдер саны 66,9 пайызға көбейген.

Отын түрлері бойынша өсім:

бензинмен жүретін көліктер – 15,3 пайыз;
дизельмен – 13,9 пайыз;
газбен – 36,2 пайыз;
аралас отынмен – 9,3 пайызға артты.
4 айда 500 мыңнан аса көлік
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы 1 ақпанда автокөлік саны былтырғы ақпанымен салыстырғанда 7,6 пайызға өскен.

2025 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстанда тіркелген көліктер саны – 5 775 499:

жеңіл көліктер – 5 068 227;
жүк көліктері – 570 779;
автобустар – 116 493.
Төрт айдың ішінде еліміздің автопаркі 526 987 көлікпен толыққан.

Алматыда көлік саны былтыр-ақ шекті деңгейге жеткен. Күн сайын қала жолдарына бір миллионға дейін көлік шығады, оның 600 мыңы – Алматыда тіркелген, ал 400 мыңы – облыстан келетіндер.

Сол кезде көлік саласының сарапшылары "ақылы тұрақтарды кеңейтіп, қала ішінде қозғалысты шектеу" ұсынысын жасаған. Олардың пікірінше, бұл жол қозғалысындағы жүктемені азайтып, мегаполистегі экологиялық жағдайды жақсартуы тиіс болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #көлік #статистика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);