Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы...

Елімізде инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы 12 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Әлеумет 11.10.2023, 11:31 1,160
Елімізде инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы 12 мың жаңа жұмыс орны ашылады
Сурет: Primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжілістің жалпы отырысында халықты жұмыспен қамту, шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі шаралар туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Primeminister.kz-тің хабарлауынша, ол жастар санатына жататын тұлғалардың жас мөлшері 35-ке дейін ұлғайтылғанын еске салды. Бұл 6 млн-ға жуық азаматтың мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде жұмыспен қамту бөлігін тиімді пайдалануға мүмкіндік берді.



«Ағымдағы жылы 20 өңірде жұмыспен қамту жоспары іске асырылуда. Оларда алғаш рет аймақтардың өңірлік еңбек нарығының ерекшелігі ескеріліп, тиісінше мемлекеттік қолдау шаралары сараланды. 1 қазандағы жағдай бойынша 715 мыңнан астам адам жаңа, бос және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына орналастырылды, оның жартысы – жастар», — деді вице-премьер.



Тамара Дүйсенованың айтуынша, Үкімет жүзеге асырып отырған инвестициялық жобалардың орны ерекше. Мәселен, биыл жалпы сомасы 273 миллиард теңгеден асатын қаржыға 64 жоба жүзеге асырыла бастады. Соның арқасында 12 мыңнан аса жұмыс орны ашылады деп күтілуде.



«Жалпы, Үкімет өнеркәсіптің түрлі салаларында сапалы және тұрақты жұмыс орындары ашу үшін алдағы жылдары осындай 800 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр», — деді Тамара Дүйсенова.



Ол Үкіметте шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту жөнінде кешенді бағдарлама әзірленіп жатқанын атап өтті.



«Бүгінде “таза парақтан реттеу” қағидатын байқап көрдік. Бір жарым жыл ішінде 44 сала бойынша 128 мың талап сарапталды. Оның 9 мыңы жаңа реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейді», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.



Оның айтуынша, таяу арада кәсіпкерлер үшін салық органдары алдында есеп беру үрдісі едәуір жеңілдейді. Мәселен, көрсеткіштері нөлге тең болса, құзырлы органдарға есеп беруді міндеттемеу жоспарланып отыр. Осы арқылы кәсіп иесінің шоты бұғатталмайтын болады. Салық органдарына берілетін есептілік 30%-ға қысқармақ. Жоспарлы тексерулер де азаяды.



«Мемлекеттік бақылау және қадағалау салаларында тәуекелдерді басқару жүйелерін автоматтандыру ісі қолға алынды. Бұл қадам бизнесті жоспарлы түрде тексеруді 2 есе азайтуға мүмкіндік береді», — деп түйіндеді сөзін Тамара Дүйсенова.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Инвестициялық жобалар #жұмыс орны #ашу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.