ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған ж...

Елімізде инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған жоба іске қосылды

Әлеумет 12.04.2022, 11:42 1,069
Елімізде инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған жоба іске қосылды
Сурет: Avesta-news.kz
Барлығы отбасынан басталады.

Барлығы отбасынан басталады.


Қазақстан Үкіметі мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғау мақсатында арнайы әлеуметтік жобаны іске асыра бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен іске асырылатын әлеуметтік жобаның мақсаты – инклюзивті қоғамды дамыту, мүмкіндігі шектеулі жандарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру», - делінген аталмыш мекеменің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Жоба қоғамда әлсіз топтардағы азаматтарды кемсіту деңгейін төмендету, мүгедектігі бар қазақстандықтардың теңдігі, мүмкіндіктері бойынша диалогты ұйымдастыруға бағытталған.



«Қазірдің өзінде біз мүгедектігі бар ересек адамдардың бала кезінде кемсітушілік фактілерін бастан кешіргенін жиі байқаймыз. Олар қоғамнан оқшауланады, олардың әлеуметтік байланыстары бұзылады. Әлеуметтік оқшаулау процесі жүреді. Иә, олар мемлекеттік жәрдемақы алғанымен, үйде отырады, олардың достары өте аз», - деді «Қорған-М» ҚБ төрайымы Диана Қырғызбаева жобаны таныстыру барысында.



Спикердің айтуынша, биыл олар инклюзивті қоғам құру мәселелері бойынша жұмыс істейтін мамандарға арнайы семинар-тренингтер өткізеді.



«Барлығы отбасынан басталады. Сондықтан инклюзивтік тәрбиеге ерте жастан ерекше назар аудару керек. Атап айтқанда, біздің қызметкерлеріміз балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептердің төменгі сынып оқушыларына инклюзивті білім берумен айналысады. Мұндай балалар өскен кезде мүгедек адамдарды кемсітуге жол бермейтініне сенімдімін», - деді Диана Қырғызбаева.



Биыл ұйымдастырушылар өзекті мәселелерді талқылау мақсатында диалог алаңын өткізуді жоспарлап отыр.


Сонымен қатар, жоба аясында жас қазақстандықтар үшін семинарлар өткізіліп, онда «тең-теңімен» қағидаты бойынша инклюзивті қоғам құру туралы айтылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,443 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,256 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,334 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,986 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,184 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.