ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде бала туу азайып кеткен

Елімізде бала туу азайып кеткен

Әлеумет 14.05.2025, 12:11 555
Елімізде бала туу азайып кеткен
ЖИ көмегімен салынды
Қазақстанда бала туу көрсеткіші рекордтық деңгейде төмендеп кеткен, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазақстанда бала туу көрсеткіші рекордтық деңгейде төмендеп кеткен, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл қаңтар-наурыз айлары аралығында Қазақстанда бар болғаны 77,3 мың бала өмірге келген. Бұл өткен жылдағы осы кезеңмен салыстырғанда 16%-ға аз, әрі 2014 жылдың І тоқсанынан бергі ең төменгі көрсеткіш. 

Туу көрсеткішінде маусымдық өзгерістер байқалады: жыл сайынғы ең жоғары көрсеткіштер, әдетте, үшінші тоқсанда тіркеледі. Әсіресе бұл құбылыс пандемия жылдары — 2020 және 2021 жылдары — ерекше көзге түскен. Ал ең төменгі көрсеткіштер, керісінше, көбіне жылдың алғашқы үш айына тән. Соған қарамастан, соңғы 11 жылда тірі туған сәбилер саны ешқашан 90 мыңнан төмен түспеген еді.

2024 жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда туу көрсеткішінің төмендеуі елдің барлық 20 өңірінде байқалған. Бұл ретте 12 өңірде төмендеу қарқыны орташа деңгейден жоғары болды. Ең үлкен төмендеу Ақмола облысында (-22%) және Жетісу облысында (-20,1%) тіркелді. Қала мен ауыл арасындағы айырмашылық та көзге түседі: ауылдық жерлерде көрсеткіш -18,1%-ға азайса, қалаларда бұл көрсеткіш -14,2%-ды құрады.

Халық санына шаққандағы жалпы туу коэффициенті де төмендеді: 2024 жылдың I тоқсанында бұл көрсеткіш әр 1000 адамға шаққанда 18,33 болса, 2025 жылы 15,39-ға дейін азайды. Сонымен қатар, туу көрсеткішімен қатар өлім-жітім де азайып жатыр. Алайда бұл үрдіс баяу жүруде: қайтыс болғандар саны 31 мың адамға дейін азайып, жылдық көрсеткіш -7,2 пайыз болды.

Нәтижесінде, табиғи өсім — яғни, туғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырма — 2025 жылдың алғашқы тоқсанында 46,3 мың адам болып, 2024 жылмен салыстырғанда 20,7%-ға азайды. Бұл да 2014 жылдан бергі ең төменгі деңгей.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,439 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,254 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,288 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,181 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.