конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцинаци...

Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау жалғасуда

Медицина 16.05.2025, 16:13 1,058
Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау жалғасуда
gov.kz

16 мамырда елдің барлық өңірлерінде Республикалық репродуктивтік денсаулық апталығы шеңберінде халықтың адам папилломасы вирусы, оның салдары және профилактиканың мүмкіндіктері туралы ақпараттылығын арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілуде, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылғы мамыр айындағы жағдай бойынша 11–13 жас аралығындағы 138 469 қыз бала АПВ-ға қарсы вакцинаның алғашқы дозасын, ал 44 956 қыз бала екінші дозасын алған.

Жатыр мойны обыры (ЖМО) әйелдердің арасында кең таралған онкологиялық аурулардың бірі болып қалып отыр. Жыл сайын әлемде осы диагноздан шамамен 300 мың әйел көз жұмады. Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның шамамен 2 мың жаңа жағдайы тіркеледі.

Жатыр мойны обырының дамуының негізгі себебі — жоғары онкогендік қауіпті адам папилломасы вирусының 16 және 18-типтері. Сондықтан уақытылы профилактика, әсіресе вакцинациялау, аса маңызды.

Вакцина тұрақты иммунитет қалыптастырып, болашақта аурудың дамуының алдын алуға мүмкіндік береді.

АПВ-ға қарсы ұлттық вакцинациялау бағдарламасы 2024 жылғы 1 қыркүйекте басталып, жоспарлы түрде жүргізілуде. Бағдарлама 11–13 жас аралығындағы қыздарды қамтиды және халықаралық стандарттар мен ұсынымдардың негізінде іске асырылуда.

Қазақстан онкологиялық ауруларды төмендету және әйелдер денсаулығын сақтау мақсатында бұл практиканы енгізген 135 елдің бірі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #денсаулық #папиллома
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:27

Мемлекет басшысы Конго Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 11:16

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Бүгін 11:13

Үкіметте білім беру және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды

Бүгін 10:43

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);