Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Елімізде 18 оқу орны мен 69 көшенің атауы өзгереді

Елімізде 18 оқу орны мен 69 көшенің атауы өзгереді

Әлеумет 22.06.2023, 11:53 1,007
Елімізде 18 оқу орны мен 69 көшенің атауы өзгереді
Сурет: Zakon.kz

Комиссияға 681 ұсыныс түскен.


Оларды жергілікті ономастикалық комиссиялардың қарауына әкімдіктерге жіберу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Республикалық ономастика комиссиясының отырысы өтіп, қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф, тарихшы, академик Өзбекәлі Жәнібековтің есімін беру туралы шешім қабылданды.


Кездесуде Қазақстанның өңірлеріндегі 18 оқу орнын және Көкшетау, Қосшы, Степногорск (Ақмола облысы) Арыс (Түркістан облысы) және Талдықорған (Жетісу облысы) қалаларындағы 69 көшені қайта атау мәселесі талқыланды.



"Атаулардың бір бөлігі қайта қарауға бағытталған. Бұл «Гүлдер», «Асу», «Тіршілік» және «Айналайын». Отырысқа қатысушылар көше атаулары өңірдің тарихи және географиялық ерекшеліктерін көрсетіп, нақты мағынаға ие болуы керек деген пікірге келді. Жақында Ұлттық құрылтайдың II отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев өмірбаяны біреудің жеке мүддесі мен қалауы үшін мақсатты түрде мифологияланған кеңестік кезеңдегі қайраткерлердің есімдерін түрлі нысанға беру тәжірибесін тоқтатуды айтты. Президент ономастика саласында тәртіп орнатуды және өңірлік ерекшеліктерді де, жалпыұлттық басымдықтарды да ескере отырып, барлық рәсімді регламенттеуді тапсырған еді. Дәл осы мақсатта Мәдениет және спорт министрлігі көрнекті қайраткерлер мен тарихи тұлғалардың «Тарихи тұлғалар» тізімін өзектендіру бойынша жұмыс жүргізуде, соның негізінде нысандар мен көшелерге жаңа атаулар беріледі", - деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.



Атап айтқанда:


Ақтау қаласындағы №28 жалпы білім беретін мектепке Ұлы ағартушы, ғалым, ақын және публицист Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. «Ұлт ұстазының» есімімен Қостанай ауданының білім бөлімінің мемлекеттік тілде оқытатын Заречная жалпы білім беретін мектебі, сондай-ақ Жетісу облысы Алакөл ауданының Үшарал қаласының №1 орта мектебі аталады.


Қостанай ауданының білім бөлімінің Совхоз жалпы білім беретін мектеп атауы көрнекті жазушы, ақын және қоғам қайраткері Спандияр Көбеевтің құрметіне өзгертіледі.


Жетісу облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласының №2 орта мектебі қазақ әдебиетінің классигі, ақын, жазушы, драматург және журналист Ілияс Жансүгіровтің есімімен аталады.


Жетісу облысы Алакөл ауданы Бескөл станциясының № 14 орта мектебі атауы әлемге әйгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің құрметіне өзгертіледі.


Жетісу облысы Алакөл ауданы Достық кентінің № 11 орта мектебі Кеңес Одағының Батыры және майдангер-жазушы Бауыржан Момышұлының есімімен аталады.


Жетісу облысындағы Үшарал қазақ гимназиясына ұлы ағартушы және педагог Ыбырай Алтынсариннің есімі беріледі.


Идеологиялық тұрғыда ескірген, қайталанатын атаулары бар көшелер мен басқа да орындарға келcек, Көкшетау қаласында «Революция үшін күрескерлерге арналған саябақ» «Алаш арыстары» деп өзгертіліп, Дмитриев көшесі аты аңызға айналған Дәулеткерей күйшінің құрметіне өзгертіледі.


Ақмола облысының Қосшы қаласындағы 20-шы шағын ауданның бірнеше көшесіне Әміре Қашаубаев, Жаһанша Досмұхамедов, Нұрғиса Тілендиев, Жұмекен Нәжімеденов, Роза Бағланова, Шоқыр Бөлтекұлы, Сағадат Нұрмағамбетов, Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Батырхан Шөкенов сияқты қайраткер тұлғалардың есімдері берілді.


Степногорск қаласында Парковая және Степная көшелері аты аңызға айналған палуан Қажымұқан мен Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың құрметіне өзгертіледі.


Талдықорған қаласының бірнеше көшесіне қазақ хандығының негізін қалаушы Керей мен Жәнібек хандардың, Тұманбай Молдағалиев, Сағадат Нұрмағанбетов сияқты тұлғалардың есімдері берілді.


Түркістан облысының Арыс қаласында Роза Бағланованың, Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның және әртүрлі географиялық орындардың: Шарын, Сарыарқа, Ұлытау, Жидебай, Сарайшық және т. б. атындағы көшелер пайда болады.


Мәдениет комитетіне әдістемелік ұсынымдарға қажет өзгерістер енгізу жөнінде тапсырмалар беріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#комиссия #Көше #ауыл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.