ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Еліміз Швейцариямен ынтымақтастық меморандумына қо...

Еліміз Швейцариямен ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Саясат 31.08.2021, 16:41 1,744
Еліміз Швейцариямен ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Сурет: Gossluzhba.kz
Швейцариямен ынтымақтастық артуда

Швейцариямен ынтымақтастық артуда


Қазақстан мен Швейцария арасындағы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com сайтына сілтеме жасап.


Әріптестік нығаюда. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының делегациясы Женевалық саясат пен қауіпсіздік орталығы және Женевадағы БҰҰ бөлімі кітапханасы мен мұрағаты басшыларымен кездесті. Аталмыш іс-шара барысында жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері жөнінде бірлескен жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық меморандумына, сондай-ақ арнаулы хатқа қол қойылды.



Бұл құжат мұрағат, тарих салаларындағы көпжақты, халықаралық қарым-қатынастар мен құндылықтарды зерттеудің ынтымақтастығын, БҰҰ қызметі мен Қазақстанның тарихи мұрасын зерттеудегі серіктестікті көздейді.


Айта кетейік, Швейцарияда өткен арнаулы іс-шара Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды.



«БҰҰ кітапханасы – өз бастауын Ұлттар лигасынан алған бірегей мекеме. Мұнда БҰҰ-ның ядролық қаруға қарсы әрекетін қамтып көрсететін мұрағаттық құжаттар жиналған. Бұл – Қазақстан және Елбасы кітапханасының да маңызды бір бағыты, өйткені Тұңғыш Президентіміздің тарихи мұрасының бір бөлігі саналады. БҰҰ және Тұңғыш Президентіміздің кітапханалары арасында бірлескен жобаларды жүзеге асыру және ақпарат, кітап, басылым, мұрағаттық құжат алмасу бойынша ортақ тұстары көп», - деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.



Женевадағы БҰҰ бөлімі кітапханасы мен мұрағатының директоры Франческо Пизано Қазақстан БҰҰ-ның белді мүшесі  екенін айтты.



«Қазақстан БҰҰ-ның белді мүшесі екенін білеміз. Ядролық қарусыздану, халықаралық ынтымақтастық пен көпжақты қарым-қатынастарға зор көңіл бөлетін ел. Сондықтан ынтымақтастық меморандумына қол қойғанымызды жоғары бағалап отырмыз. Қазақстан мен Женевадағы БҰҰ кеңсесі арасында тағы бір мықты байланыс бар. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы бөлімнің бас директоры болған. Оның қол астында жұмыс істедім, жақсы танимын. Мұнда атқарған еңбегіне өте ризамын», - деді Франческо Пизано.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.