AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Еліміз педагог магистранттарды көбірек дайындамақ

Еліміз педагог магистранттарды көбірек дайындамақ

Білім және ғылым 08.07.2021, 14:04 2,444
Еліміз педагог магистранттарды көбірек дайындамақ
Сурет: S-vfu.ru

Магистратурада оқуға гранттардың көп саны педагогикалық мамандықтар бойынша қарастырылған – 3 642 грант.



2021-2022 оқу жылында магистратураға түсу үшін 13 мыңнан астам грант, докторантураға – 1800-ден астам грант бөлінді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Министрліктің мәліметінше, білім беру гранттары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне және жұмыс берушілердің сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпаратына сәйкес бөлінген. Инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына – 3429, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бағыты бойынша – 1278, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша – 1233, ауыл шаруашылығы және биоресурстар бойынша – 527 грант бөлінді. 




Естеріңізге сала кетейік, магистратураға түсу үшін кешенді тестілеуден өтуге ниет білдірушілерді тіркеу 18 маусымда басталып, 15 шілдеге дейін жалғасады. Емтихан 20 шілдеде басталады. 




«Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін біз тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда апелляцияға беру жүйесін өзгерттік. Ол электрондық форматта өтеді. Енді талапкер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде бірден апелляцияға өтініш бере алады», – деп хабарлады ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#цик #постановление #фото #видеосъемка #Қазақстан #магистратура #педагог #грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);