Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Еліміз ерекше балаларға арналған өнер жобасын жари...

Еліміз ерекше балаларға арналған өнер жобасын жариялады

Әлеумет 08.08.2022, 09:16 1,460
Еліміз ерекше балаларға арналған өнер жобасын жариялады
Сурет: TURANINFO.KZ

Талантты ерекше балалардың сахнаға шығып, өнер көрсету мүмкіндігі бар.


«Арман асулары» атты жаңа жобада ерекше балалар өнер жұлдыздарымен бірге ән айтатын болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Арман асулары» атты жаңа жоба туралы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы директорының шығармашылық қызмет бойынша орынбасары Серік Нұрмолдаев мәлім етті.



«Арман асулары» атты ерекше балаларға арналған инклюзивті жобаны бастағалы жатырмыз. Еліміз бойынша таланты бар ерекше балаларды жинап, сахнаға шығуына жағдай жасаймыз. Сол сияқты олар біздің өнер жұлдыздарымен бірге ән айтатын болады. Сонымен қатар бізде «Ортеке» атты қуыршақтар театры бар. Аталған өнер ұжымы биыл ЮНЕСКО-ның тізіміне енді. Осы орайда елімізде қуыршақтар форумын өткізу жоспарда бар. Одан бөлек, «Астана сазы» фольклорлық этнографиялық ансамблі жұмыс істейді. Жетекшісі Бауыржан Ақтаев. Осы ұжым биыл неше жылғы еңбектерін жинап, алғаш рет альбом жариялағалы отыр», - деді Серік Нұрмолдаев.



Сондай-ақ, спикер отандық жас композиторларды қолдау мақсатында «Қазақконцерт резиденциясы» атты жобаның қолға алынып жатқаны туралы айтты.



«Тағы бір жаңалығымыз «Әлем сазы» атты халықаралық фестиваль өткізбекпіз. Оған 10-нан астам елден өкілдері қатысады. Шетелдік өнерпаздар 1 апта бойы концерт өткізеді. Уақыты туралы қосымша хабарланады», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#талант #жоба #сахна
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.