ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Елена Рыбакина алғаш рет Индиан Уэллс турнирінің ф...

Елена Рыбакина алғаш рет Индиан Уэллс турнирінің финалына шықты

Спорт 18.03.2023, 10:16 1,309
Елена Рыбакина алғаш рет Индиан Уэллс турнирінің финалына шықты
сурет:sputnik.kz
Әлемнің 1-ші ракеткасынан басым түскен Елена Рыбакина алғаш рет Индиан Уэллс турнирінің финалына шықты.

Әлемнің 1-ші ракеткасынан басым түскен Елена Рыбакина алғаш рет Индиан Уэллс турнирінің финалына шықты.


Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-шы ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz


Қазақстанның маңдайалды теннисшісі жартылай финалда әлемнің 1-ші ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты.


Осыған дейін қарсыластар үш рет кездесіп, соның екеуінде қазақстандық теннисші ұтқан еді.


Бұдан екі ай бұрын Е.Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында әлемнің 1-ші ракеткасын 6:4, 6:4 есебімен жеңген.


Бұл жолы бірінші партияда Елена брейкпен алға шықты. Содан кейін тағы бір брейкпен бітірді – 6:2.


Рыбакина екінші сетті де брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 4:0. Содан кейін есеп 5:1 болып, өзі доп бергенде, екі матчболын пайдалана алмады.


Дегенмен матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:2.


Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Е.Рыбакина 7 эйс жасап, 5 брейк-пойнтты түгел өз есебіне жазды. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.


Осылайша, әлемнің бірінші ракеткасын айқын басымдыллықпен ұтқан Е.Рыбакина өз спорттық жолында алғаш рет Индиан Уэллс жарысының (жүлде қоры – 8,8 млн АҚШ доллары) финалына өтті.


Ол соңғы бәсекеде әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенкомен бас жүлдені сарапқа салады.


А.Соболенко жартылай финалда әлемнің 7-ші ракеткасы, грекиялық Мария Саккариді жолдан тайдырды – 6:2, 6:3.


Биыл Аустралия ашық чемпионатының финалында А.Соболенко Е.Рыбакинаны 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіп кеткен еді. Соның есесін Елена қайтара ала ма, оны алдағы матч көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,275 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.