ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Елеміздің сегіз облысында ауа райына байланысты ес...

Елеміздің сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Өмір-өзен 20.04.2022, 15:01 1,679
Елеміздің сегіз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Oqu.news
Жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады.

Жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады.


Қазақстанның бірқатар облысында 21-23 сәуір аралығында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, көктайғақ болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.


21 сәуірде Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні  15-20 м/с.


Орал қаласында 21 сәуірде жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні – 18 м/с.


22 сәуірде Қостанай облысының оңтүстігінде жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ болады. 21-23 сәуірде облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. 21 сәуірде күндіз солтүстікте, шығыста жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с, 22-23 сәуірде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 21-23 сәуір аралығында түнде ауа температурасы 5-10 градус жылыдан 3-8 градус аязға дейін күрт төмендеуі ықтимал.


Түнде 22 сәуірде Ақмола облысының шығысында жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ болады. 21-23 сәуірде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 21 сәуірде түнде солтүстікте, оңтүстікте, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, солтүстік-шығыста екпіні 23 м/с, 22-23 сәуірде солтүстікте, оңтүстікте 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 21-23 сәуір аралығында түнде ауа температурасы 5-10 градус жылыдан 3-8 градус аязға дейін күрт төмендеуі мүмкін.


Түнде 22 сәуірде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ боладыһ. 22-23 сәуірде облыстың солтүстігінде тұман болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, 21 сәуірде облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с болады, 22-23 сәуірде облыстың солтүстігінде, шығысында желді екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 21-23 сәуір аралығында түнде ауа температурасы 3-8 градус жылыдан 3-8 градус аязға дейін күрт төмендейді деп болжануда.


Түнде 22 сәуірде Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында, 23 сәуірде шығысында жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ болады. 21 сәуірде күндіз облыстың солтүстігінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, 21 сәуірде түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей уақыттарда екпіні 25 м/с, 22-23 сәуірде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. 21-23 сәуір аралығында түнде ауа температурасының 5-10 градус жылыдан 0-5 градус аязға дейін күрт төмендеуі ықтимал.


Қарағанды қаласында 21 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с. Жезқазған қаласында 21 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15 м/с.


Түнде 22 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ болады. 21-23 сәуірде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің жылдамдығы күндіз 21 сәуірде облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, 22 сәуірде солтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Түнде 21-22 сәуірде ауа температурасының 0-5, оңтүстікте 8 градус жылыдан 3-8 градус аязға дейін күрт төмендеуі ықтимал.


Петропавл қаласында күндіз 21 сәуірде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы – 15-20 м/с, екпіні – 23 м/с. Түнде 22 сәуірде жаңбырдың соңы қарға ұласады, көктайғақ болады. 22 сәуірде тәулік бойы желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде 21-22 сәуірде ауа температурасының 2-4 градус жылыдан 5-7 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,271 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.