AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп...

Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды

Спорт 30.09.2026, 14:22 215
Елдос Сметов Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды
ҚР Туризм және спорт министрлігі

Тартысты белдесу нәтижесінде жапон спортшысы басым түсті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Елдос Сметов араға 12 жыл салып, жазғы Азия ойындарында жүлде жеңіп алды.

Жапонияның Аичи халықаралық аренасында Қазақстан командасы дзюдодан ХХ жазғы Азия ойындарының екінші күміс жүлдесіне қол жеткізді, деп мәлімдеді ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Париж Олимпиадасының жеңімпазы, әлем чемпионы Елдос ХХ жазғы Азия ойындарының финалында (-60 кг) жарыс қожайыны Хаято Кондомен күресті. Тартысты белдесу нәтижесінде жапон спортшысы басым түсті.

Осылайша, бүгін Елдос сары құрлық ойындарындағы үшінші медалін мойнына тағады. Отандасымыз 2014 жылы Инчхонда -60 кг салмақта алтыннан алқа таққан. Ал ерлер арасындағы командалық сайыста күміс иеленген. Сметов - жазғы Азиада тарихындағы ең табысты қазақ дзюдошысы.

Айта кетейік, таңғы сессияда Елдос Сметов алғашқы белдесуінде Азия ойындарының күміс және қола жүлдегері Ли Ха Римді (Оңтүстік Корея) таза жықты. Осыдан кейін әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ариунболд Энхтайванның (Моңғолия) жауырынын жерге тигізді. Жартылай финалда Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, Ханчжоу Азиадасының чемпионы Ян Юнвэйден (Тайпей) басым түсті.

Бұл - дзюдодан Қазақстан командасының осы бәсекедегі екінші күміс жүлдесі. Осыған дейін Абиба Әбужақынова 2-орын алған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда Ректорлар форумына қатысты

Кеше 20:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);