ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Спорт / Елдос салмағын ауыстырады

Елдос салмағын ауыстырады

Спорт 17.08.2021, 08:31 1,525
Елдос салмағын ауыстырады
almaty-akshamy.kz
Токио олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов спорттан кетпейді. Бұл жақсы жаңалықты даңқты спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Токио олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов спорттан кетпейді. Бұл жақсы жаңалықты даңқты спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.


«Егер спортты одан әрі жалғастырып, 2024 жылғы Париж олимпиадасына қатысатын болсам, міндетті түрде 66 келіге ауысамын. Бұл туралы елге оралған бойда айтқан едім. Бәрі де жарақатыма байланысты болып тұр.



Егер денсаулығым жарап, жарақаттарым мазаламаса, міндетті түрде күресемін. Өйткені, күрес – менің өмірім. Мен спорттан ләззат аламын. Еліміздің Туын желбірету үшін жұмыс істеймін. Олимпиада аяқталды, жарақаттарымды емдеп бастаймын. Бәрі де жақын арада белгілі болады», – деп жазды Е.Сметов. 



Естеріңізде болса, Рио және Токио олимпиадаларына Елдос 60 келі салмақ дәрежесінде қатысып, күміс және қола жүлде жеңіп алды. Ол дзюдо күресінен қос олимпиаданың жүлдесін жеңіп алған алғашқы қазақ спортшысы болып отыр. Ал 66 келі салмақ дәрежесінде биылғы олимпиадаға Ержан Серікжанов қатысып, үлкен табысқа жете алмады.


Жалпы, Токио жүлдесін жеңіп алған Е.Сметовке ғана емес, жыл бойғы жарыстарда ел намысын абыроймен қорғаған спортшылардың бәріне Қазақстан дзюдо федерациясы жақында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында үлкен құрмет көрсетті. Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қайрат Қожамжаров спортшылар мен жаттықтырушылар, ұлттық құраманың ғылыми-кешенді топ өкілдеріне ақшалай сыйақы тағайындады. Олимпиада жүлдегері Е.Сметов 5 млн. теңгенің сертификатына ие болды.



«Біз бүгін жылдың ең маңызды додасы саналған олимпиаданы қорытындылап отырмыз. Токио төрінде біздің мақтанышымыз Елдос Сметов өте нәтижелі күрес көрсетіп, ел қоржынына қола жүлде салды. Бұл біз үшін, Қазақстан дзюдосы үшін тарихи жүлде болып саналады. Елдос – дзюдодан олимпиаданың екі дүркін жүлдегері атанған тұңғыш қазақстандық спортшы. Жарақаттарына қарамастан ол  өзінің әлемдік дәрежедегі мықты спортшы екенін тағы бір рет дәлелдеді», – деді Қ.Қожамжаров.


«Қазақстан дзюдосы үшін биылғы жылды жаман болды деуге болмайды. Пандемияға және кездескен қиындықтар мен шектеулерге қарамастан ұлттық құрама спортшылары қатысқан маңызды жарыстардан жүлдесіз оралған жоқ. Мәселен, әлем чемпионатынан Ғұсман Қырғызбаевтың күміс жүлдесін, Елдос Жұмақановтың Азия чемпионатындағы қола жүлдесін айтуға болады. Қыздарымыз да биыл жүлдеден қалыс қалған жоқ. Әбиба Әбужақынова әйелдер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленсе, Севара Нышанбаева қола медаль жеңіп алып, үздік үштікке енді», – деді федерация президенті.



Алматы қаласында өткен жиында осы спортшылардың барлығына және көзге түскен жаттықтырушыларға ақшалай сыйақы табыс етілді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.