ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Елдің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жа...

Елдің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Өмір-өзен 06.04.2022, 12:10 1,354
Елдің 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Tengrinews.kz
Елдің басым бөлігінде тұман түседі

Елдің басым бөлігінде тұман түседі


"Қазгидромет" ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігіне тұман түседі. Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі.


Түстен кейін Алматы облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың батысы, оңтүстігі мен шығысында 15-20, екпіні 25 м/с-ке жетеді.


Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа қарай жел соғады. Тараз қаласында күндіз найзағай ойнайды. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.


Батыс Қазақстан облысының солтүстігіне тұман түседі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.


Түнде Қарағанды облысының солтүстігіне, орталығына тұман түсіп, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Қарағанды қаласында түнде тұман болады.


Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстік-батысына тұман түсуі ықтимал. Облыстың оңтүстік-батысынан, оңтүстігінен, батысынан, солтүстігінен 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді.


Солтүстік-батыстан, солтүстіктен, облыстың солтүстік-шығысынан жылдамдығы 15-20 м/с жел еседі. Нұр-сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.


Түнде Павлодар облысының оңтүстік-батысында тұман түседі.


Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіне тұман түседі. Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.


Түркістан облысының таулы аудандарында күн күркіреп, дауыл болады. Облыстың оңтүстігінде оңтүстік-батыстан 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.


Шымкентте 7 сәуірде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.