ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Экономика / Елден шетел валютасын экспорттауда нені білу керек...

Елден шетел валютасын экспорттауда нені білу керек?

Экономика 09.07.2025, 10:47 716
Елден шетел валютасын экспорттауда нені білу керек?
Сурет: интернеттен
Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодекстің 343–бабы 1–тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер Еуразиялық экономикалық одақтың...

Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодекстің 343–бабы 1–тармағының 7) тармақшасына сәйкес, егер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына бір уақытта әкелу немесе ЕАЭО–тың кедендік аумағынан бір уақытта әкету кезінде мұндай қолма–қол ақша қаражатының және жол чектерінің жалпы сомасы кеден органына жолаушыларға арналған кедендік декларацияны ұсынған күнге қолданыста болатын валюта бағамы бойынша он мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып кетсе, қолма–қол ақша қаражаты және жол чектері кедендік декларациялауға жатады.

"Алайда, бүгінгі таңда елдің ұлттық мүдделерін қорғау және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығы қолданылады, онда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әкету күніне белгілеген бағам бойынша есептелген және 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы қолма–қол шетел валютасын және (немесе) шетел валютасындағы ақша құралдарын әкетуге тыйым салынады.", – деп хабарлады Мемлекеттік кірістер департаменті.

Сонымен қатар, "Жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 23 шілдедегі № 124 шешіміне сәйкес 16 жасқа толмаған жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтер, аталған тұлғалармен бірге жүретін тұлғаның жеке пайдалануға арналған тауарлары туралы мәліметтермен бірге бір жолаушы кедендік декларацияда көрсетіледі.

Осылайша, отбасының әрбір мүшесіне 10 000 (он мың) АҚШ доллары баламасынан аспайтын қолма–қол шетел валютасын әкетуге рұқсат етіледі.

Шілденің 8-і күні Астана әуежайында кедендік бақылаудан өткен кезде қолындағы ақшасын декларацияда көрсетпеген азаматтың ұсталғаны хабарланған болатын. Оның багажын тексеру кезінде рентгендік теледидар жүйесі қолданылған 200 000 еуро (120 миллион теңге) табылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.