AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Елдегі кәсіпорындарға өндірісті жаңартуға арнайы қ...

Елдегі кәсіпорындарға өндірісті жаңартуға арнайы қаражат бөлінбек

Экономика 20.12.2021, 10:12 1,321
Елдегі кәсіпорындарға өндірісті жаңартуға арнайы қаражат бөлінбек
Сурет: Rg.ru

Қазақстанда өнеркәсіптік гранттар беріледі


Аталмыш грант отандық кәсіпорындарды ынталандырудың өзіндік жаңа құралына айналады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Qazaqtv.com cайтына сілтеме жасап


Бұл туралы Сенат отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов хабарлады. Оның айтуынша, ақша өндірісті технологиялық жағынан жаңғыртуға бөлінеді. Яғни енді кәсіпкерлерге өз жабдықтарын жаңартуға мемлекет көмектеседі.


Бұл шара шикізат, жоғары технологиялық тауарлар және аса сұранысқа ие өнімдер шығаратын өндірушілерге қатысты. Жауапты сала басшысының ақпараты бойынша, қайта өңдеуді жақсартуға баса назар аударылады.


Министр республикадағы көптеген зауыт Кеңес Одағы кезінен бері жаңартылмағанын, сондықтан да еңбек өнімділігі төмен екенін айтты. Алайда кәсіпорындардың орындауы тиіс өз міндеттері болады.



«Олар өздері мәлімдеген өнімнің өндіріс көлемі, сапасы, ең бастысы экспортқа бағдарлануы бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс. Яғни біз қолдау көрсеткен зауыттар ең жоғары, халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және бәсекеге қабілетті өнім шығаруы керек. Егер олар шарттарды орындамаса, мемлекет тарапынан жұмсалған қаражатты бюджетке қайтаруға мәжбүр болады», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ел #кәсіпорын #өндіріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);