ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Жақыныңа жанашыр бол! / Елде ковид қайта күшейіп келеді

Елде ковид қайта күшейіп келеді

Жақыныңа жанашыр бол! 12.12.2022, 04:47 2,097
Елде ковид қайта күшейіп келеді
Сурет: 24.kz
Сырқаттып жатқан адамдардың басым бөлігі - мүлдем вакцина алмағандар.

Сырқаттып жатқан адамдардың басым бөлігі - мүлдем вакцина алмағандар.


Емханада екпе алуға кезекте тұрғандар көп емес. Бірақ күн сайын белгілі бір санаттағы азаматтар келіп, ковидке қарсы вакциналаудан өтеді дейді мамандар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» cайтына сілтеме жасап.



«Кейбір кісілер тек қана қазақстандық вакцинаны салғысы келеді. Оларға "Каз-Вак" саламыз. Егер шетелге шығатын болса, "Синофарм" компаниясы мен "Файзерді" саламыз», - дейді қалалық №9 емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері Нұрәлем Сарапбеков.



Орта және 50 жастан асқан адамдар екпе алуға жиі келеді дейді дәрігер. Сондай-ақ созылмалы аурулары бар және шетелге баратын адамдар вакцина алуға асығады. Жалпы, коронавирус қарқыны жазда баяулады. Бірақ қазір ауырғандардың саны тағы көбейген.



«Қазіргі таңда Астана қаласында эпидемиологиялық жағдай соңғы екі аптада тұрақсыз деп айтуға болады. Біздің қалада соңғы аптада 458 жағдай тіркелді», - дейді қалалық Санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева.



Қараша айының алғашқы аптасымен салыстырғанда, вирус жұқтырғандар бес есе көп. Бұл жаңа штамның ықпалы ма әлде қазіргі жағдай бұрын салынған вакцинаның әсері азайғандығын білдіре ме?



 «Қазіргі кезде сырқаттанып жатқан адамдардың басым бөлігі - 80 пайыздан астамы - мүлдем вакцина алмағандар. Не болмаса, соңғы екпені алғаннан кейін 6 айдан астам уақыт өткен адамдар науқастанып жатыр», - дейді Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева.



Сондай-ақ молекулярлық-генетикалық зерттеулер Астанада ауырғандардың көбінен "цербер" штамын анықтаған. Ал 79 пайызында "омиркон" штамы екені белгілі болды.



"Цербердің" өзі де "омикронның" бір түрі болып табылады. Енді "церберге" келсек, ол адамға өте тез жұғады. Бірақ ол аса ауыр түрде өтпейді. ол да басқа респираторлы вирус сияқты, қызу көтеріледі, денесі ауырады, бас ауырады. Сол сияқты басталады. Сол үшін біз вакцина алмаған адамдарды тезірек екпе алуға шақырамыз», - дейді қалалық Санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Жанна Пірәлиева.



Мамандар вакцина алған адамдардың коронавируспен жеңіл түрде ауыратынын атап өтті. Сондай-ақ ревакциналаудан уақытында өтуді еске салды. Өйткені ковид штамдары өзгеріп отырады. Ал онымен ауырып тұрғанның өзінде, ағзадағы антиденелер жарты жылда азайып кетеді. Қазақстан бойынша ковидке қарсы екпе салатын 2 мың пункт жұмыс істеп тұр. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.