AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Елбасы XVII Еуразиялық медиа форум қатысушыларын қ...

Елбасы XVII Еуразиялық медиа форум қатысушыларын құттықтады

Хабарлама 16.09.2021, 05:55 1,295
Елбасы XVII Еуразиялық медиа форум қатысушыларын құттықтады
Сурет: Еlorda.info

Аталмыш шара алғаш рет онлайн режимде өтіп жатыр.


ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев XVII Еуразиялық медиа форум қатысушыларына құттықтау лебізін жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«XVII Еуразия медиа форумының қатысушылары мен қонақтарын құттықтағаныма қуаныштымын. Жылдар бойы форум пікір алмасатын танымал медиаалаңға айналды. Белгілі саясаткерлер, сарапшылар және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мұнда әлемдік қоғамдастық үшін ең өзекті мәселелерді қарастырады, оларды шешудің жаңа жолдарын әзірлейді», - деп ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді.



Нұрсұлтан Назарбаев форумның өз тарихында алғаш рет онлайн форматта өтіп жатқанын, бірақ бұл Еуразия мен әлемнің өзекті мәселелерінің маңызы мен кең талқылануына еш әсер етпейтінін атап өтті.



«Биыл Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтуде. Біз үлкен және күрделі жолдан өттік, онда айтарлықтай барлығы мойындаған нәтижелерге қол жеткіздік. Қазір еліміздің алдында жаңа өршіл мақсат тұр – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіру. Әрдайым Қазақстан қозғалысының негізі – халықтың бірлігі болғандықтан, аталған стратегиялық мақсатқа да қол жеткізіледі», - дейді Елбасы.



Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жаһандық сын-қатерлер мен пандемияға қарсы күрес жағдайында ұйымшылдық қағидаты бүкіл адамзат үшін негіз қалаушы болуы керегін айтты.



«Форумның барлық қатысушыларына жемісті пікірсайыс тілеймін. Сіздердің жұмыстарыңыз қазіргі әлемнің одан әрі дамуы тек бірлік, диалог және өзара құрмет арқылы ғана мүмкін болатынын жаһанның ұғынуына қызмет етсін», - деді Елбасы.






 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Елбасы #форум #құттықтау #е
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);