ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Үкіметінің төраға...

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

Саясат 19.08.2021, 17:38 2,218
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті
Сурет: Еlbasy.kz
Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев екі мемлекет арасындағы  ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев екі мемлекет арасындағы  ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еlbasy.kz. сайтына сілтеме жасап.

«Қазір біз күрделі кезеңді өткеріп жатырмыз. Қазақстан мен Ресей коронавирустың таралуына және оның экономикаға тигізетін салдарына байланысты қиындықты бірлесе еңсеруде. Жуырда Владимир Путинмен кездесіп, өзара кеңестік. Жұмысты әрі қарай жалғастырамыз», – деді Елбасы.



Еліміздің Тұңғыш Президенті екіжақты қатынастарды нығайту және Еуразия экономикалық одағы аясында өңірлік ықпалдастықты одан әрі дамыту мәселелеріне тоқталды.



Михаил Мишустин Нұрсұлтан Назарбаевқа қонақжайлығы үшін ризашылығын білдіріп, Ресей Федерациясы Президентінің жылы лебізін жеткізді.


Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Қазақстанға сапары аясында жүргізген келіссөздер мен кездесулердің нәтижесі туралы айтып берді.



«Біз екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқыладық. Осы жылдың бірінші жартысында екі ел арасындағы тауар айналымы 34 пайызға өскенін атап өткен жөн. Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі деңгейден 20 пайызға артық. Жыл соңына дейін 20 миллиард доллардан астам межеге қол жеткізгіміз келіп отыр», – деді М.Мишустин.



Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Қазақстанда цифрландыру саласында қабылданған шешімдерге қатысты пікірін білдірді. Сондай-ақ коронавирус инфекциясының таралуына қарсы бірлескен шараларды жүзеге асыру мәселесіне тоқталды.



«Кеше «электронды үкіметке» арналған орталықты араладым. Жұмыс өте тиімді ұйымдастырылған. Сіздер үшін де ашық екенімізді айтқым келеді, біздің ешқандай құпиямыз жоқ: Ресей Үкіметінің үйлестіру орталығында атқарылған жұмысты әрдайым көрсетіп жүрміз. Бірақ сіздердің соңғы заманауи жаңалықтарды жылдам енгізіп жатқандарыңыз мені таң қалдырды. Коронавирусқа келер болсақ, біз бұл қатерлі вирусқа қарсы күресте қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Бүгінде «Sputnik V» вакцинасы Қарағанды фармацевтикалық зауытында жасалады. Оның 5 миллион дозадан астамы шығарылды. Бұл – үлкен жұмыс. Қорыта айтқанда, біз бауырлас тату көршілік қатынастарды жоғары бағалаймыз. Алдағы уақытта да екіжақты ынтымақтастықты, сондай-ақ Еуразия экономикалық одағы аясындағы қарым-қатынасты жан-жақты дамытқымыз келеді», – деді М.Мишустин.






Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.