AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ел тұрғындары қандай мобильді қосымшаларды жиі қо...

Ел тұрғындары қандай мобильді қосымшаларды жиі қолданады?

Әлеумет 01.02.2023, 04:40 1,077
Ел тұрғындары қандай  мобильді қосымшаларды жиі қолданады?
Сурет: Egemen.kz

Қазақстандықтар жиі жүктейтін мобильді қосымшалар белгілі болды.


Технологиялар мен цифрлық қызметтер дамыған заманда смартфонсыз өмір сүру қиын. Цифрландыру халық өмірінің барлық саласына енгізіліп жатыр. Қазақстандықтар арасында «коммуникация» санатындағы мобильді қосымшалар ерекше сұранысқа ие, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Үздік бестікке отандық ұялы байланыс операторларының екі қосымшасы кірді.

2023 жылғы 27 қаңтардағы жағдай бойынша қазақстандықтар арасында ең танымал қосымша - Telegram.

Екінші орында — «Менің Beeline» Beeline ұялы операторының қосымшасы.

Google Play арқылы қосымшаны 10 миллионнан аса адам жүктеген. Осылайша соңғы жылдары көрсеткіш бірнеше есе өскен.

Үздік үштікті WhatsApp Business кәсіпкерлерге арналған мобильді қосымшасы түйіндейді. Оны әлем бойынша 500 миллионнан астам қолданушы телефонына қондырған.

Сондай-ақ, ТОП-5 танымал қосымша қатарына Tele2 Қазақстан және WhatsApp Messenger кіріп отыр.

Ал алғашқы ондыққа Snapchat, IZI, Mail.ru - Email App, Active және Altel.kz енген.

Қазақстанда ұялы байланыс операторлары қосымшаларының танымалдығы таңғалатын жағдай емес. Себебі жылдан жылға ұялы байланыс абоненттерінің саны артып келеді.

Мәселен, 2022 жылдың желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша көрсеткіш бір жылда 3,1%, 17,4 млн абонентке дейін ұлғайды.

Соңғы бес жылда интернет желісіне қолжетімділігі бар абоненттер саны 25,6%-ға өсті.

Одан бөлек, ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 77-ден 89 бірлікке дейін артқан.

Бүгінгі таңда экономиканың түрлі секторларында цифрлық қызметтерді енгізу өзекті болып отыр. Мәселен, 2021 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіш 87,3% құрады және тренд өсіп келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мобильді қосымша #жиі жүктеу #көп қолдану
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);