ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Референдум - 2022 / Ел азаматтары референдумға шетелден де қатыса алад...

Ел азаматтары референдумға шетелден де қатыса алады

Референдум - 2022 21.05.2022, 06:44 1,103
Ел азаматтары референдумға шетелден де қатыса алады
Сурет: Kaztag.kz
Қазақстан азаматтары ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға шетелден де қатыса алады. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті,...

Қазақстан азаматтары ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумға шетелден де қатыса алады. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.



«ҚР Президентінің биылңы 5 мамырдағы №888 Жарлығына сәйкес 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жалпыұлттық референдум өтеді. Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 52 шет мемлекетте 65 учаскелік комиссия құрылды»,-делінген хабарламада.



Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, іскерлік және туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстан Республикасының азаматтары учаскелік комиссия құрылған Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне жүгіне алады.


ҚР шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес референдум өткізілетін күні (2022 жылғы 5 маусым) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.



«Сонымен бірге, шетелдегі сайлау процесін уақтылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз»,-деп хабарлады ҚР СІМ.





Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.