ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлем / Экс-президент Асқар Ақаев Қырғызстанға жеткізілді

Экс-президент Асқар Ақаев Қырғызстанға жеткізілді

Әлем 02.08.2021, 15:43 1,427
Экс-президент Асқар Ақаев Қырғызстанға жеткізілді
Сурет: Inform.kz
Бұрынғы президент Бішкек қаласына жеткізілгеннен кейін дереу Ведомствоаралық тергеу тобына берілді.

Бұрынғы президент Бішкек қаласына жеткізілгеннен кейін дереу Ведомствоаралық тергеу тобына берілді.


Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев Бішкекке жеткізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Бұған дейін хабарланғандай, «Құмтөр» жобасын іске асыру кезіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша елдің бұрынғы президенті Асқар Ақаевқа іздеу жарияланған болатын.


Асқар Ақаев жоғары лауазымды өзге шенеуніктермен қатар 1992 жылы «Құмтөр» жобасы бойынша Бас келісім жасау, 1994 жылы оған өзгерістер енгізу, сондай-ақ 2003 жылы «Камеко» компаниясымен Бас келісімді қайта құрылымдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша қылмыстық жауапқа тартылды.


Осылайша, Асқар Ақаевтың президенттігі кезеңінде «Құмтөр» жобасын іске асырудағы жемқорлыққа қатысы бар барлық кінәлі тұлғаға құқықтық баға берілді.



«Сонымен қатар Қырғыз Республикасының ҰҚМК-мен бірлескен тергеу барысында Асқар Ақаевты республика аумағына жеткізу жолымен оны қылмыстық жауаптылыққа тарту бөлігінде тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған белсенді жұмыс жүргізілді.


ҰҚМК қабылдаған шаралар нәтижесінде 2021 жылғы 2 тамызда бұрынғы президент Асқар Ақаев Бішкек қаласына жеткізіліп, кейін дереу Ведомствоаралық тергеу тобына берілді.


Асқар Ақаев қазір ҰҚМК ғимаратында. Онда оның қатысуымен «Құмтөр» кен орны бойынша қылмыстық іс шеңберінде қажетті тергеу әрекеттері жүргізіледі.


«Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижелері және қылмыстық іс бойынша, оның ішінде А.Ақаевқа қатысты қабылданған процессуалдық шешімдер туралы, ҰҚМК жұртшылықты қосымша хабардар ететін болады», - делінген «Кабар» ақпаратында.



Еске сала кетейік, 2005 жылдың наурыз айындағы төңкерістен кейін Асқар Ақаев Ресейге қашып кеткен болатын және осы күнге дейін сонда болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.